Сертификаттау


Тексерілетін ӨҚ түріне байланысты бөлмелерге қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет182/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Тексерілетін ӨҚ түріне байланысты бөлмелерге қойылатын талаптар. 
1) Радиоөлшеуіш құрылғылар, электронды-физикалық аппараттар 
–  бұлар  орналасқан  бөлмелердің  есік,  терезелері  өздері  түгел  қалқалануы 
қажет. Ғимаратты метал қаңылтырлы сеткалармен қалқалайды. 
– Камералар сыртқы магнитті және электронды өрістердің әсерінен сенімді 
қалқаланған болуы керек. 
– Статикалық электр тоғынан қорғау үшін арнайы құрал болуы тиіс. 
2) Қысым мен сиретуді өлшейтін құрылғылар 
– дірілдер және сілкіністер болдырмайтын жағдай қамтамасыз етілуі керек, 
– оттегі материалдарын қабылдау үшін бөлек бөлме болғаны дұрыс
– жоғары қысымда құрылғылар тексерілуін өткізетін арнайы жабдықталған 
бөлме болуы керек. 
3) Массаны өлшеу құрылғылары 
–  бұл  үшін  арнайы  жабдықталған  бөлме  болуы  қажет.  Үлгілік  гирлерді 
салыстырып тексеру үшін арнайы таразы бөлмесінде діріл, сілкіністер болмауы 
тиіс, олардың есік-терезелері екіжақты рамалардан тұруы қажет. 
– жел, ауа ағындары болмауы тиіс. 
–  салыстырып  тексерудің  нормативті-техникалық  құжаттарына  сәйкес 
келетін қалыпты температураны ұстап тұру абзал. 
–  ауыр  гирлерді  салыстырып-тексеру  үшін  арнайы  көтеріп  тасымалдау 
жабдығы болу керек. 
–  жылжымалы  таразыларды  салыстырып-тексеретін  бөлмелердің  едендері 
тегіс болғаны жөн. 
4) Сызықты және бұрышты шамаларды өлшеу құралдары 
–  Тексеріске  арналған  нормативті-техникалық  құжаттардағы  және  МСТ 
8.050-73-ке сәйкес бөлмеде климатты жағдайлар жасалуы тиіс. 
5) Су-мұнай-май-есептегіш өлшейтін құралдары 
– Бөлменің едені керамикалық плиткадан және төбесінің биіктігі 2 м болуы 
тиіс. 
– Еден тегіс және ағыс бойынша бағытталуы тиіс. 
–  Электр  сымдарын  трубка  арқылы  жасыру  керек,  жарық  көздері 
герметикалық  футлярда  орналасуы,  ал  электрлік  ажыратқыштар  от  қауіпті 


 
162 
болмауы  тиіс,  олар  бөлмеде  орналаспауы  керек  (су  есептегіштеріне  қатысы 
жоқ), 
– 1 сағатта 3-рет ауа айналымы болатын ағысты-сорғыш вентиляция болуы 
керек, 
– Ағыс басқыштармен қамтылуы абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет