TQM жүйесі . TQM – бұл бір ғана бағдарлама емес, бизнесті жүргізу тәсілі.
Оны енгізу мекеменің барлық қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілетін үлкен
ұзақ жұмысты талап етеді.
9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкестікке берілетін сапа жүйесінің
сертификаттау тұтынушының мекемемен серіктестік қатынас жасау мүмкіндігі
негізінде тек минималды талаптарға сәйкестігі туралы ғана куәландырады.
Тәжірибе көрсеткендей, табысты жұмыс үшін бір ғана сапа жүйесінің
сертификаттау жеткіліксіз, ұзақ мерзімді табысқа жету үшін TQM әдістері мен
принциптеріне негізделе отырып, бұл жүйені құрастыру және дамыту қажет.
TQM
принциптеріне сәйкес басқару жүйесін даярлауға мекеме
қызметкерлерінің көп бөлігі тартылады. Ал жүйені толығымен жүзеге асыру
заманауи технологияны (басқарушылық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және
т.б.) пайдалану арқылы жүргізіледі. Бұл процесс ұйымның барлық әрекетін
қайта құруды, барлық құрылымдық бөлімшелердің сәйкес жұмыс істеуін,
сондай-ақ енгізу мен реттеудің ұзақ уақыттық кезеңін талап етеді.
Тәжірибеде көрсеткендей, TQM әдістемесін біліктілікті пайдалану
мыналарды қамтамасыз етеді:
1. Клиенттердің өнім мен қызметке қанағаттану деңгейін көтеру. TQM
шарттарында барлық клиенттерді қанағаттандыру, сондай-ақ олардың күткен
нәтижелері мен сұраныстарын ескеру бойынша қосымша жұмыстар жүргізу
міндетті болып табылады.
2. Фирманың имиджі мен репутациясын жақсарту.
3. Еңбек өндірістілігін арттыру. Қызметкерлер TQM енгізуі бойынша
серіктес болғаннан кейін ол автоматты түрде жүргізіледі.
4. Пайданы көбейту.
5. Өнім мен қызметтің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
213
6. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын, сондай-ақ ресурстардың
барлық түрін рационалды пайдалануды қамтамасыз ету.
7. Басқарушылық әрекеттердің сапасын арттыру.
8. Техника мен технологияда жаңа жетістіктерге қол жеткізу.