Сертификаттау


 Сапа жүйесі мәселелерінің енгізілуі мен дамуы



Pdf көрінісі
бет235/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

9.2 Сапа жүйесі мәселелерінің енгізілуі мен дамуы 
 
Сапа  жүйесін  енгізу  кезінде  объективті  немесе  субъективті  сипаттағы 
мәселелер туындауы мүмкін. Олар төменде көрсетілген: 
1.  Кәсіпорын  басшылығы  ағымдық  жұмыстарымен,  жоспарлар  және 
келісімшарттарды  орындаумен  қолы  босамайды.  Сапа  жүйесін  жасау 
жұмыстарымен  жеке  жұмыскерлер  айналысады,  ал  олардың  талаптары 
ескерілмейді,  яғни  бұл  жұмыспен  айналысуға  уақыт  жоқ,  ең  бастысы, 
жоспарды орындау керек. Мұндай мәселелерді шешу кезінде көптеген қағаздар 
толтырылып,  сапа  жүйесін  дайындау  жоспарлары  жазылады,  бірақ  олар 
практикаға  енгізілмейді.  Басшылық  сапа  жүйесін  енгізу  кәсіпорын 
жұмыскерлерінің  барлығына  арналған  жұмыс  екенін  түсінуі  керек.  Ол  үнемі 
жүргізіліп отыруы тиіс. 
2. Сапа жүйесін енгізуге өте үлкен сенім арту. Бұл процесс ұзақ әрі тұрақты 
болып  табылады.  Ол  бір  уақытта  кәсіпорынның барлық проблемаларын  шеше 
алады.  Сапа  жүйесін  дұрыс  қолдана  білу  керек,  оған  күнделікті  оқыту  керек. 
Бұл бірден нәтиже бере салмайтын өте ұзақ жұмыс. 
3.  Жаңа  енгізулерге  деген  негативті  қатынас.  Жұмысқа  кіріспестен  бірден 
мынадай қорытынды жасалады – бұдан ештеңе шықпайды. 
4. Сапа жүйесін енгізуге қаржы қажеттілігі. Егер ақша болмаса, енгізетін де 
ештеңе болмайды. 
5.  Персоналдың  консервативті  көңіл-күйі.  Жақсы  жұмыс  істейміз,  өнім 
шығарамыз, оны бізден сатып алады. Оған өзгеріс енгізудің қажеті не? Барлығы 
бұрынғыдай қала берсін. 
6.  Ескерту  немесе  айыпталу  қорқынышынан  жұмыскерлердің  өндіріс 
мәселелерін шығаруға, оларды басшылыққа көрсетуге ниеттенбеуі. 
Осы  және  басқа  да  мәселелер  сапа  жүйесін  енгізу  процесін  айтарлықтай 
тоқтатуы  мүмкін.  Негізгі  мәселе  жұмыскерлердің  немқұрайдылығы  мен 
инерттілігі  болып  табылады.  Әдетте  кез  келген  жаңалықтың  алғашында 
практикаға  енгізілуі  қиын  болады.  Бірақ  заманауи  сапа  жүйесін  енгізу  –  бұл 
уақыттың талабы, заманауи өмірдің объективті сұранысы, кәсіпорынның жаңа 
сатыда  жетілуінің  негізгі  шарты  деп  айтуға  болады.  Бұл  мәселелерді  міндетті 
түрде шешіп, игеру қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет