Жеткізулер. Өнімді жеткізу арнайы келісімшартқа байланысты жүргізіледі.
Ұйым тағайындалған орынға жеткізуге дейінгі өнімнің сақталуын қамтамасыз
етуі керек. жеткізу әдістері мен олардың тәжірибелік іске асыруы сәйкес
құжаттармен қамтамасыз етіледі, ал олардың қатысушылары осы
тапсырмаларды орындауға дайын болуы керек.
3.6. Өндіріс және қызмет көрсету Сапа саласындағы саясат пен өнімді тұтынушылармен жасалған
келісімшарттарға байланысты мекеме деңгейі сапа бойынша жоспарда
анықталған қызметке кепілдік беруі тиіс. Өндіріс пен техникалық қызмет
көрсету бойынша барлық жұмыстар толығымен келісімшарт пен өндірілетін
233
өнімге қатысты ұйымның кепілдіктеріне сәйкес келуі қажет.