4. ӨЛШЕУ, ТАЛДАУ, ЖАҚСАРТУЛАР 4.1. Мониторинг және өлшеу Сапаны бақылау өнімге қойылған талаптардың орындалуын растау қажет.
Оған:
– кірістік бақылау (материалдар бақылаусыз процесте пайдаланбауы керек;
кірістік өнімді тексеру процедураларға бекітілген сапа жоспарына сәйкес келуі
керек және әртүрлі формада бола алады);
– аралық бақылау (ұйымның процесс ішіндегі бақылау мен сынаулар
процедурасын тіркейтін арнайы құжаты болуы керек және осы бақылауды
жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.);
– қорытынды бақылау (нақты соңғы өнім мен сапа жоспары бойынша
қарастырылған өнім арасындағы сәйкестікті шығаруға арналған; құрамына
барлық алдыңғы тексерулердің нәтижелері кіреді және өнімнің қажетті
талаптарға сәйкестігін көрсетеді);
– бақылау мен сынаулар нәтижелерін тіркеу (бақылау мен сынау нәтижелері
туралы құжат қызығушылық танытқан мекемелер мен тұлғаларға ұсынылады)
жатады.