Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет257/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

4.5. Статистикалық әдістер 
Бұл  бөлім  мекеме  өз  өнімін  өндіру  мүмкіндігін  растау  және  осы  өнімнің 
талап  етілетін  сипаттамаларына  қол  жеткізу  үшін  статистикалық  әдістерді 
орнату қажеттігін қарастырады. Статистикалық шешімдерге негізделген әдістер 
өнімнің  өмірлік  циклінің  барлық  сатыларында  қолданылады.  Жиі 
қолданылатын статистикалық әдістерге: 
– гистограммалар; 
– уақытша қатарлар; 
– Парето диаграммасы; 
– себеп-салдар диаграммалары (Исикава); 
– бақылау парақтары; 
– бақылау карталары; 
– шашырау диаграммасы жатады. 
4.6. Сәйкес емес өнімді басқару 
Сәйкес  емес  өнім  деп  бекітілген  талаптарға  жауап  бермейтін  өнімдерді 
айтады. Сәйкес емес өнім табылған жағдайда оны басқа өнімдерден бөліп алып, 
идентификациялау қажет. 
Сәйкессіздікті  басқару  бойынша  барлық  операциялар  құжат  түрінде 
рәсімделуі тиіс. Ол: 
–  түзетілмейтін  өнімді  бағалау,  алып  тастау,  белгілеу,  қосымша  өңдеу 
(түзету), жөндеу, жою; 
– ақаулы өнім бірліктерін тіркеу және оларды мекеме ішінде хабарлау
– тапсырыс берушіні әрекет етуші жүйе туралы ақпараттандыру әрекеттерін 
жүзеге асыру қажет. 
Сәйкес  емес  сападағы  өнім  тұтынушы  талаптарын  қанағаттандыру 
мақсатымен  түзетіледі,  басқа  мақсаттарда  пайдалану  үшін  басқа  санатқа 
ауыстырылады  немесе  жарамсыз  деп  танылып,  қалдықтар  құрамына 
жатқызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет