Сертификаттау


-  техникалық  реттеу  саласында  ЕО  директивтері  тек  өнімнің  қауіпсіздігіне  қатысты базалық негізгі талаптарды қамтуы тиіс



Pdf көрінісі
бет27/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

 
-  техникалық  реттеу  саласында  ЕО  директивтері  тек  өнімнің  қауіпсіздігіне 
қатысты базалық негізгі талаптарды қамтуы тиіс;
 
-  бөлшектік  талаптарды  дайындау  мемлекеттік  емес  ETSI,  СЕН  және 
СЕНЭЛЕК  ұйымдарының  міндетінде,  Еуропалық  комиссия  бұл  ұйымдарға 
стандарттарды техника деңгейін есепке ала отырып дайындауды міндеттейді;
 
- еуропалық стандарттар ерікті болып табылады;
 
-  бұл  стандарттарға  сәйкес  дайындалған  өнім  директивтер  талаптарына 
сәйкес болып есептеледі.
 
Егер  бұйым  факт  жүзінде  Директивте  қойылған  негізгі  талаптарға  сәйкес 
келмесе,  мемлекеттік  бақылау  органы  осындай  өнімнің  ерікті  түрде 
қолданылуын  шектейді.  Мемлекеттік  орган  бұл  сәйкессіздікті  дәлелдеуге 
міндетті.  Егер  өндіруші  өнімді  Еуропалық  стандарттар  бойынша  шығармаса, 
олардың сәйкестілігін өндіруші өзі дәлелдеуге міндетті. 
Cоңғы жылдары ЕО-тың техникалық реттеу аумағында қолданылып жүрген 
жаңа  жүйенің  өндірушілер  үшін  басты  мағынасы  өндіруші  қажетті 
процедуралардан  өте  отырып,  өнімнің  жалпыеуропалық  нарықтың  барлық 
міндетті  талаптарға  сәйкестігін  көрсететін  CЭ  таңбасын  өз  өніміне  белгілеу 
құқығын алу арқылы бұл өнімді барлық Еуропа елдеріне қолдануға қоя алады. 
Мүше елдер жалпыеуропалық талаптарға сәйкес еместігін дәлелдей алмаса, бұл 
өнімнің қолданылуына кедергі келтіруге құқығы жоқ. Қазіргі таңда Еуропалық 
Одақтың  нарығына  әкелінетін  және  жаңа  жүйе  директивтері  бірінің 
талаптарына алынған тауарлар міндетті түрде CЭ таңбасымен болуы тиіс.
 
Сонымен қатар барлық қажетті  ақпараттар мен процедураларды қамтитын, 
тікелей  әрекет  ету  құжаттары  болып  табылатын  регламенттер  немесе  дәлірек 
айтқанда,  ЕО-тың  ережелері  (regulations)  бар.  Техникалық  реттеу  саласында 
регламенттер еуропалық заңдылықтармен жиі қабылданбайды. Бұл тек ұлттық 


 
26 
ерекшеліктердің  келісу  проблемасымен  ғана  емес,  регламенттердің  жоғарғы 
бөлшектілігімен  түсіндіріледі.  Мысалы,  транспортта  жазып  отыратын  жабдық 
туралы  Кеңеспен  қабылданған  №2135/98  регламенті  кодтау  құрылғыларының 
электрлік  сұлбаларын  қоса  алғанда  259  беттен  тұрады.  Ал,  химиялық  өнім 
туралы  REACH  (Registration,  Evaluation,  Authorisation  and  Restriction  of 
Chemicals)  регламенті  673  беттен  тұрады  және  химиялық  формулалардан 
басталып, графикалық суреттермен аяқталатын әртүрлі ақпараттарды қамтиды. 
Бірақ, азық-түлік өнімдерін жеткізуге және ауыл шаруашылығына байланысты, 
сауда  саясаты  сияқты  ең  маңызды  салада  Еуропалық  Одақ  көптеген  актілерді 
оңай  қабылдайды,  мысалы,  нарыққа  қойылатын  сәбіздердің  өлшемдері  анық 
көрсетілген  (грамм  және  миллиметрмен),  сәбіздерге  арналған  нарықтық 
стандарттарды бекітеді. Жалпы алғанда Еуропалық Одақтың регламенттері бір 
түзетулерді  қоса  алғанда  қазақстандық  техникалық  регламенттің  түсінігіне 
сәйкес  келеді,  онда  көзге  еленбейтін  жағдайларға  арналған  қауіпсіздік 
(құрылым  талаптары)  талаптары  болуы  мүмкін.  Бұл  Еуропалық  Одақтың 
әртүрлі  техникалық  жүйелердің  ішкі  бірыңғайландыру  мәселелерін  шешуімен 
байланысты. 
Бұл 
жағдай 
еуропалық 
регламенттерді 
қазақстандық 
регламенттерге  тікелей  көшіруге  мүмкіндік  бермейді.  Еуропалық  Одақтың 
директивтері  іс-шаралар  мен  процедураларды  ұлттық  заңдылықтың  қарауына 
қалдыра отырып, өз алдына тікелей әрекет ету құжаты болып табылмайды. Осы 
бір  жағдайдың  өзі  директивтерді  техникалық  регламенттерге  тікелей  көшіру 
мүмкіндігінің жоқтығын айтады.
 
1989  жылы  өнім  сәйкестігін  бекітудің  бірыңғай  Еуропалық  жүйе 
концепциясының  қағидалары  құрылды.  Бұл  қағидалар  1993  жылы  93/465/ЕЭС 
Еуропалық  Кеңес  Шешімінің  құжатымен  бекітілді.  Бұл  жаһандық  жүйе 
директивтерде  модульдер  сәйкестігін  бекітудің  стандарттық  әдістерін 
қолдануды  қарастырды.  Әртүрлі  модульдердің  үйлесуімен  әртүрлі  өнімге 
сертификаттау процедураларын жүргізуге болады. Бұл жүйенің негізінде өнімді 
өндіруші  өнімнің  көптеген  категорияларының  сәйкестігін  өзі  бекітуге  құқық 
алды,  мысалы  машина  жасау.  Бірақ  қауіптілігі  жоғары  өнімдер  құзыретті 
органда сертификаттаудан өтеді. 
Еуропалық  директивтер  мен  стандарттар  ЕО-тың  барлық  территориясында 
әрекет  етеді,  сонымен  қатар  олардың  әрекеті  Исландияның,  Норвегияның, 
Лихтенштейннің,  Турцияның,  Андорраның,  Сан-Мариноның,  Хорватияның 
территорияларына таралуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет