27
19-шы ғасырдың өзінде АҚШ-та ASME – Инженер-механиктердің
Американдық қоғамы (1880 жылы құрылған), ASTM – Материалдарды сынау
бойынша Американдық қоғам (1898 жылы құрылған), AISI – Американдық
болат пен шойын институты, AWS – пісірушілердің Американдық қоғамы, API
– Американдық мұнай институты және осы сияқты ұйымдар пайда бола
бастады. Бұл ұйымдар американдық өндірістің дамуы үшін белсенді түрде
стандарттарды жасап шығарды.
XX ғасырдың басында: қауіпсіздік ережелерінің жиынтығы (өрттен қорғау
жөніндегі ұлттық ассоциация); электротехника саласындағы ережелер
жиынтығы
(электротехникалық
бұйымдарды
өндірушілердің
ұлттық
ассоциациясы); мұнай өндірісіне арналған жабдықтардың стандарттары
(Америка мұнай институты); автомашиналар үшін жанар-жағар майдың
көрсеткіштерін анықтайтын стандарттар (машина жасау ассоциациясы)
дайындалған болатын.
Берілген стандарттар билік, өндіріс өкілдерімен және тұтынушылармен
бірге дайындалған. 1918 жылы стандарттау бойынша жеке меншік ұйымдар
серіктестіктер федерациясы – Стандарттардың Американдық ұлттық инсти-
тутын құрды (ANSI), бұл институттың басты міндеті стандарттау салаладағы
қызметтерді реттеу болып табылады.
ANSI – бұл құрамына 700-ге жуық
фирма, 30 билік органы, 20 институт және 260 техникалық, мамандандырылған,
өндірістік, сауда ұйымдары кіретін мемлекеттік емес ұйым. ANSI-дың қызметі
оған кіретін мүшелердің аударымдарымен және құжаттамаларды сатудан
түскен кірістермен қаражаттандырылады. ANSI-дың қызметтеріне:
- стандарттау бойынша американдық ұйымдарды аккредиттеу;
Достарыңызбен бөлісу: