251
өнімге талдау жүргізу және өнім үлкен көлемде шығарылып, үнемі
импортталуын; өнім немесе қызметтің техникалық сипаттамасын анықтайтын,
ҚР жұмыс жасайтын нормативтік құжаттың (ГОСТ немесе СТ РК) қажеттілігі
шарттарын ескеру қажет. Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттауға
жататын өнімнің тізімі мен сәйкестік декларациясымен расталатын өнім тізімі
бар. Соңғы тізім өнім қауіпінің дәрежесін, сертификаттау жұмыстарының
шығынын азайту жағын ескере отырып жасалған.
Теміржол көлігінің құраушы бөлшектерінің көп бөлігі қазіргі таңда Ресей
мен Украинадан экспортталады. Әрине, бүкіл өнім өндіруші мемлекетте
берілген сәйкестік сертификатымен беріледі. Егер мұндай өнім міндетті
сертификатталатын өнімдер қатарына кірсе, қазастандық сертификатты
қоысмша алу мүмкіндігі туады. Мұндай сертификатты алу процедурасы
ҚР СТ 3.9-да келісілген және ол – шетел сертификатын растаудан сынауды
толық қайталауға дейін түрлі болуы мүмкін. Мұндай шешім сертификаттау
органымен қабылданады.
Негізі сертификаттау бойынша орган өнімді шығарушы мен тұтынушыдан
ерікті болуы тиіс. Бірақ өндірістің бөлек салалары сертификаттау бойынша өз
органдарын ұйымдастыруды қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: