258
өнімнің сынауын немесе нәтижелердің анықтылығын және обьективтілігін
қамтамасыз ететін стандартты әдістемелерді пайдалану арқылы сынаудың
нақты түрлерін жүргізу болып табылады. Зертхана сынау хаттамаларын ҚР
МСЖ НҚ орнатылған қалпында рәсімдейді. Қызметтер мен сапа жүйелерін
сертификаттау жүйелері сынау зертханаларының сертификаттау процесінде
қатысуын қажет етпейтінін білген жөн. Олардағы сәйкестікті бағалау бойынша
барлық тәжірибелік жұмысты сертификаттау жөніндегі орган жүзеге асырады.
Сынау
зертханалары
сертификаттау
жөніндегі
органға
бағынады.
Сертификаттау жөніндегі органның біреуінде сынаудың әр түрімен
айналысатын бірнеше зертханалары болуы мүмкін. Сертификаттау жөніндегі
орган және оның зертханалары әдетте, бір заңды тұлға, яғни фирма немесе
кәсіпорын болып табылады.
Негізгі талаптар
: тәуелсіздік, алаламайтындық,
дербестік және техникалық құзырлық.
Тәуелсіздік
үшінші тұлға дәрежесімен
анықталады.
Алаламайтындық
қызметте сынауларды жүргізу, шешімдер
қабылдау және сынау хаттамаларын толтыру кезінде айқындалады.
Дербестік
сынау зертханалары және олардың қызметкерлері қорытындыларға немесе
бағаларға әсер етуге қабілетті коммерциялық, қаржылық, әкімшілік не басқа да
қысымға ұшырамауы керектігінде анықталынады.
Техникалық құзырлық
ұйым
мен басқарманың сәйкес келуші құрылымымен, білікті қызметкерлердің, сынау
үшін бөлме мен жабдықтардың, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарын
қоса, сынау әдістері мен процедураларға нормативті құжаттардың бар
болуымен расталады.
Талаптарға сәйкестік
сынау зертханасын аккредиттеу
кезінде тексеріледі. Сертификаттау жүйесі өнімді сынауға тек аккредиттелген
зертханаларды жіберуді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: