Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет280/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Сертификаттау сұлбасы
 
– өнімнің, көрсетілетін қызметтің, сапа жүйесінің 
сәйкестігін бағалау кезінде үшінші жақтың іс-әрекетінің құрамы мен реті. 
Ерікті  сертификаттау  кезінде  өтінім  берішінің  таңдауы  бойынша  алынған 
стандарт  немесе  басқада  нормативтік  құжаттардың  талаптарына  өнімнің 
сәйкестігі расталады. Барлығы оншақты сертификаттау сұлбалары бар. 
Өнімді  сертификаттауда  негізгі  8-сұлба  және  қосымша  9-  мен  10-cұлбалар 
қолданылады. Қолданыста жиі кездесетіні – 2, 3, 7, 9-сұлбалар. 
Сертификаттау сұлбаларын қолдануда келесі ұсынысты ескеру қажет: 


 
259 
1-6,  10-  сертификаттау  сұлбалары  сериялық  шығарылатын  өнімді 
сертификаттау  кезінде,  7,  8,  9-сұлбалар  шығарылған  өнімді  сертификаттау 
кезінде қолданылады.
 
1-сұлбаны  өнімнің  шектеулі,  өткізу  көлемін  алдын  ала  айтылған  кезде 
қолдану  ұсынылады,  өнімнің  типтік  үлгісін  аккредиттелген  сынақ 
зертханасында  сынау  қарастырылады,  сериялық  шығарылатын  өнімді 
сертификаттауда қолданылады.
 
2-сұлбаны ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша келіп түсетін импорттық 
өнімді  сертификаттаған  кезде  немесе  жекелеген  келісімшарттар  бойынша 
сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады. Сертификатталған 
өнімге 
инспекциялық 
бақылау, 
сатушыдан 
алынған 
үлгіге 
сынақ 
аккредиттелген  зертханада  жүргізіледі.  Сертификат  мерзімі  −  1  жыл. 
Сертификат ұстаушы мен өнім өндіруші бөлек тұлғалар. Көбіне, өнім өндіруші 
басқа  мемлекеттікі,  ал  өтінім  беруші  отандық  тұлға.  Міндетті  түрде  сынақ 
хаттамасы негізінде беріледі. Өнім графасында келісімшарт нөмірі көрсетіледі. 
Кейде  партия  көлемі  жазылады.  Инвойс  (счет-фактура)  нөмірі  көрсетілмейді, 
онда ол 7- немесе 9- сұлбаға айналады. 2- сұлба сериялық шығарылатын өнімді 
сертификаттауда қолданылады. 
3-сұлбаны  өндірістің  тұрақтылығы  күмән  тудырмайтын  сериялық  өнімді 
сертификаттау  үшін  қолданған  жөн.  3-  сұлба  –  сертификатталған  өнімге 
инспекциялық  бақылау,  өнім  өндірушінің  дайын  тауар  қоймасынан, 
тұтынушыға жіберер алдында алынған үлгіге сынақ аккредиттелген зертханада 
жүргізіледі. 3- сұлбаны – өндіріс тұрақтылығы еш күман туғызбайтын, өндіріс 
сапа  басқару  сертификаты  ISO  9001  бар  жағдайда  сериялық  өнімді 
сертификаттауда  қолдану  ұсынылады.  Сертификат  мерзімі  —  3  жыл. 
Сертификат ұстаушы мен өнім өндіруші бір заңды тұлға. Міндетті түрде сынақ 
хаттамасы  негізінде  беріледі.  1  жыл  өткен  сайын  сынақ  қайталанып  тұрады. 
Өтінім  құжаттарын  өндіруші  береді,  ең  қымбат  сертификаттау  түрі,  сериялық 
шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады. 
4-сұлбаны өнімнің сипаттамасының  тұрақтылығына  жан-жақты  және  қатаң 
бақылау қажет болған кезде қолданады.
 
4-сұлба  өнім  үлгісіне  сынақ  жүргізуге  (1-3-сұлбалардағыдай)  негізделеді, 
сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сатушыдан да, өндірушіден де 
алынған үлгілерге сынақ жүргізу жолымен жасалынады. Сертификаттаудың 4- 
сұлбасы сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады. 
5-сұлба  өнім үлгісіне  сынақ  жүргізу  мен  өндірісті  сертификаттауға,  немесе 
өнім  өндірушінің  сапа  жүйесін  сертификаттауға,  сертификатталған  өнімге 
инспекциялық бақылау сатушыдан да, өндірушіден де алынған үлгілерге сынақ 
жүргізу  жолымен  және  өндіріс  жағдайының  тұрақтылығы  мен  сапа  жүйесінің 
қызмет  жасауына  негізделген.  5-  сұлбаны  өнімнің  жарамдылық  мерзімі  сынақ 
жүргізуге қажет уақыттан аз болған; өнімнің түрлері жылдам өзгеріп отыратын 
жағдайда қолданады. 
6-сұлба  аккредиттелген  орган  өндірушінің  сапа  жүйесін  сертификаттау 
қарастырылған  жағдайда  қолданады.    Берілген  өнім  өндірісіне  қатысты  сапа 
жүйесіне  сертификаты  бар  өнім  өндірушіге,  сертификат  беруге  негіз,  өнімнің 


 
260 
бекітілген  талапқа  сәйкестігі  туралы  өндірушінің  өтінім-декларациясы.  6- 
сұлбаны  өнімнің  жарамдылық  мерзімі  сынақ  жүргізуге  қажет  уақыттан  аз 
болған;  өнімнің  түрлері  жылдам  өзгеріп  отыратын  жағдайда  қолданады.  6-
сұлбаны,  егер  сипаттаманы  сертификаттаған  кезде  расталатын  номенклатура 
мен  олардың  мәндері  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын 
нормативтік  құжаттардың  талаптарына  сәйкес  келетін  болса,  өзінің  сапа 
менеджменті  жүйесіне  сертификаты  бар  жеткізушінің  (дайындаушының  емес) 
импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады. 
5- және 6-сұлбаларды:
 

 
сынақтарға  арналған  іріктеудің  нақты  көлемі  шығарылатын  өнімді 
объективті бағалау үшін жеткіліксіз;
 

 
технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;
 

 
шығарылатын  өнім  сипаттамаларының  тұрақтылығына  қойылатын 
жоғары талаптар белгіленген;
 

 
өнімнің  жарамдылық  мерзімі  сынақтарды  ұйымдастыру  және  жүргізу 
үшін қажетті уақыттан кем;
 

 
өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;
 

 
өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнім-
дерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
 
6-сұлба  түпкілікті  бұйымды  сертификаттауды  көздемейтіндігімен  ерекше-
ленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылады.
 
Қазіргі  кезде  5-  және  6-сұлбалар  дамыған  елдерде  кеңінен  таралған  және 
сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады. 
7-  сұлба  дайын  өнім  партиясынан  таңдап  алынған  үлгіге,  аккредителген 
сынақ  зертханасында  сынақ  жүргізу  қарастырады.  7-сұлба:  келісімшарт 
бойынша көлемді партияны сертификаттау. 
8-сұлба  әрбір  өндірілген  өнімді  аккредиттелген  сынақ  зертханасында 
сынауды қарастырады. 7- және 8-сұлбаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір 
жолғы  сипатқа  ие  болғанда  (партиясы,  бірлі-жарым  бұйымдар)  қолдану 
ұсынылады.
 
Сертификаттың жарамдылық мерзімі — өнімді сатып біткенше. Сертификат 
ұстаушы мен өнім өндіруші бөлек тұлғалар. Көбіне, өтінім беруші  – отандық, 
ал өнім өндіруші – шетел кәсіпорны. Міндетті түрде сынақ хаттамасы негізінде 
беріледі.  Өнім  графасында  келісімшарт,  инвойс  нөмірі,  партия  көлемі  немесе 
келісімшартқа сипат тізім бекітілген. 
9-  және  10-сұлбаларды  біртекті  өнімдер  топтарын:  балалар  тағамы 
өнімдерін,  ойыншықтарды,  автомобиль  бензиндерін,  дәрілік  құралдарды 
сертификаттаған кезде пайдалануға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет