270
сапасы сертификаттау жүйесін таңдау мен талдаудан тұрады, сертификаттау
жүйесінің ережелеріне сәйкес сертификаттау органы мен сынақ зертханаларын
аккредиттеу саласын анықтау арқылы сәйкестікті бағалау жүргізіледі. Бұл
кезеңде әр елде өнімнің және қызметтің нақты бір түрінің серификаттау және
сынау нәтижелерін мойындалуын есепке алу қажет.
Сертификаттау процесін
жобалау кезеңінде
сапаға әсер ететін факторлардың барлығы: тұтынушының
сұрауы, заң талаптары, сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының
іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық, техникалық және ғылыми-әдістемелік
жақтары есептелінуі керек.
Сертификаттау органы мен сынақ зертханаларында сертификаттауды
жүргізу үшін қажетті ресурстары:
– білікті мамандардың;
– арнайы бөлмелердің;
– нормативтік
құжаттардың қорының;
– өлшеу, сынау және
тексеру құралдарының,
– заманға сай оргтехниканың болуы керек.
Сертификаттау ресурстары тағайындалған талаптарға жауап беруі керек.
Олардың сәйкестігі сертификаттау органдары мен сынау зертханаларын
аккредиттеу кезінде тексеріледі.
Сертификаттау процесі
, мысалы сертификаттау кезінде сынаққа үлгілер
таңдау, инспекциялық тексеру немесе өтінім бойынша жұмысты жүргізу,
ақиқаттық пен әділдікке қол жететіндігіне сенімді қамтамасыз ете алатындай
ұйымдастырылуы тиіс. Барлық процестерді шараларды түзетуге қажет, жұмыс
сапасына ішкі және сыртқы тексеруді (аудит) жүргізу қабілеті қарастырылуын
жобалау керек. Барлық процестерді құжаттау және архивтеу, өтініш берушінің
коммерциялық құпия ақпараттарының сақталуын қамтамасыз етудің маңызы
зор. Өнім (қызмет) үлгілерін сынау, сапа жүйесін бағалау мен сәйкестік туралы
шешімді қабылдау сертификаттау жүйесінің ережелеріне, таңдап алынған сұлба
бойынша сертификаттау органы мен сынақ зертханаларының ішкі
тәсілнамаларына
сәйкес
сертификаттауды
жүргізу
деп
аталады.
Сертификаттау сапасын қамтамасыз ету сәйкестікті бағалау
процесін тексеруді
жүргізусіз мүмкін емес. Бұған кезеңді ішкі және сыртқы аудитті жүргізу
арқасында қол жеткізуге болады. Ішкі аудит сертификаттау органы мен сынақ
зертханаларының қызметкерлерімен жүргізіледі, көбіне, оны сапаға жауапты
маман жасайды. Аудит нәтижесі басшыларға түзету шараларын жүргізуге
ақпарат ретінде қажет. Сыртқы аудитті аккредиттеу органдары инспекциялық
тексеру шегінде немесе тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Тексерудің барлық
түрін жүргізуде статистикалық әдіс қолданылуы керек. Сертификаттау
нәтижелерін соңғы рет тексеру сертификат беру туралы шешім қабылданғанда
жасалынады.
Сәйкестік сертификатын жасау
мен сәйкестік белгісін қолдану
құқығының лицензиясын пайдалану кезеңдерінде, ақпараттылығы мен
маңыздылығын қамтамасыз ететін пішімі мен мазмұнына қойылатын
талаптарды сақтау қажет. Сертификаттау жүйесінің түріне қарамай:
сертификаттау объектісінің атауы; сәйкес нормативтік құжат; сертификат
берген органның аты; берілген күні; жұмыс мерзімі; сертификаттау органының
271
аккредиттелгені жөніндегі белгі әр сертификатта болуы керек.
Сертификаттауды нақты жүйес бойынша
және таңдап алынған сұлба
бойынша жүргізеді. Сертификаттау процесінде негізгі 5 кезеңді атап айтуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: