Өнімге байланысты бұл кезең бұйым үлгілерін таңдау мен ұқсастыру және
оларды сынаудан тұрады. Үлгілер тұтынушыға жеткізілетіндей бұйымдар
болуы керек. Таңдап алынатын үлгілердің саны, оларды таңдау әдістемесі,
оларды ұқсастыру және сақтау өтінілген өнімнің нормативті құжаттарындағы
қойылған талаптарға сай болуы керек. Үлгілерді таңдау
ҚР СТ 3.4 және ПР РК 540.3.19 стандарттарына сәйкес акт жасалынынады.
Сақтау, тасымалдау және үлгілерді сынауға дайындаған кезеңде, сонымен қатар
сынақ үстінде де нормативті құжаттардағы талаптар орындалуы қажет.
Үлгілердің сертификаттау жұмыстары кезіндегі барлық қозғалысы жорналда
тіркеліп, жауапты қызметкердің қолымен бекітіледі.