– деген сұрақ қойды.
1926 жылы бұрынғы КСРО-да елдерінде бірінші рет мемлекеттік
стандарттар азық
- түлік тауарларына бекітілді. Отызыншы жылдары көптеген
стандарттар ет және сүт консервілері, тауық және т.б. азық-түлік өнімдерін
қамтыды. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың
белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар
өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық
- түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы
стандарттардың көбісі соғыс уақытының талаптарына сай өзгертілді. Ал
соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған
байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200
- ден астам стандарт
қайта қаралды.
Ал 1975 жылдан бастап Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның
құрамына КСРО-дан басқа социалистік лагерь елдері
– Румыния, Польша,
Болгария, Венгрия, Германия Демократиялық Республикасы, Чехословакия,
Моңғолия, Куба кірген) халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес халықаралық
стандарттары енгізіле бастады.
Ірі өндірістік өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет
етті және кез келген мемлекеттің гүлденуі мен алдағы уақытта
экономикасының дамуының негізгі элементіне айналды. Мысал ретінде ТМД,
Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін келтіруге
болады. ТМД елдерінде теміржол бөлшегінің ені