109
Стандарттау өндіріс дамуының, сауданың, кәсіпкерліктің, қызмет көрсету
саласының, т.б. жетілуіне жақсы әсер етеді. Оның экономикалық қиындықтары
экономиканың, ғылыми-техникалық прогрестің құрама бөліктері болып келеді.
Бірақ, түрлі салалар мен қоғамдық өндіріс сфераларында стандарттау
жұмыстарын жүргізу салдары бірдей әсер етпейді немесе қарама-қайшы
бағытталған болуы да мүмкін екендігін айта кету керек. Сонымен, қосымша
шығындарға байланысты жеке стандарттарды енгізу өндірушіге пайда
келтірмейді, бірақ тұтынушыға пайдалы. Немесе өндіруші өнімді
унификаттауды кеңінен қолданып, өзінің шығынын айтарлықтай қысқартуына
болады, бірақ бұл тұтынушының таңдау аймағын кемітеді.
Стандарттау салдарының күрделі және бірмәнді емес сипаты оның
экономикалық тиімділігін есептеу әдісі мен принципіне едәуір әсер етеді.
Әсіресе, бұл бүгінгі күні жаһандану процесінің күшейіп келе жатқан кезінде,
халықаралық стандарттау мемлекеттердің экономикалық қатынастарын өсіруді,
бірақ бір жағынан ұлттық өндірістің көптеген түрлерінің жойылуына мүмкіндік
береді.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі объективті
шарты өндірушілердің де, тұтынушылардың да мүдделері мен түрлі
факторлардың максималды санын есепке алу болатын жүйелік кешенді тәсіл.
Жалпы стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі
ғылыми-техникалық жасалымдардың тиімділігін бағалау әдістері негіздел-ген
әдістемелік принциптерге сүйенеді. Стандарттаудың экономикалық тиім-ділігі:
- стандарттау жоспарларын экономикалық негіздеуде;
- стандарттарды жасау және бекіту мақсатқа
сай екендігін негіздеуде;
- стандарттаудың өндіріс, сауда, салалық қызмет көрсету сферасы және
нақты кәсіпорындар дамуының тиімділігіне
әсерін бағалауда;
- стандарттаудың, унификаттаудың, типтеудің, аграгаттаудың оңтайлы
нұсқаларын іздеу процесінде;
- өнім бағасын және стандарттарды жасау келісілген жағдайда есептеулер
жүргізу үшін;
-
стандарттау саласының қызметкерлерін материалдық тұрғыдан
ынталандыру кезінде бағалануы қажет.
Қамтылуының тереңдігі мен кеңдігіне байланысты:
- стандарттың жұмыс істеу мерзімі ішінде әр жыл бойынша немесе осы
өсімді шақырған негізгі және айналымдағы қаражаттарды салу стандарт
өнімнің қызмет ету мерзімі салыстырмалы бағадағы ұлттық кірістің өсіміне
қатынысымен анықталатын мемлекеттегі стандарттаудың жалпы тиімділігі;
- стандарттау бойынша іс-шаралардың мүмкін болатын нұсқаларының
ішінен ең жақсысын таңдауда және бір нұсқаның екіншісінің жанында
артықшылығын сипаттайтын стандарттаудың есептелетін салыстырмалы
тиімділігі;
- стандартталатын шешімдерді енгізу немесе техниканы пайдалану
алдындағы барлық мерзім ішінде анықталатын стандарттаудың жобалау
тиімділігі;
- стандартталған өнім немесе қызметті шығару мен пайдалану нәтижесінде
110
болатын стандарттаудың шын мәніндегі тиімділігі;
-
стандарттардың жеке түрлерінің экономикалық жағымдылығын
сипаттайтын стандарттаудың жеке тиімділігі немесе стандарт өнімді түрлі
сферада жасау мен пайдаланудан болатын жеке жергілікті тиімділік
ажыратылады.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістемелік
амалының негізінде, стандарттаудың салдарынан болған жағдайлардың бәрін
кешендік есепке алу жатыр. Стандарттау ғылыми-зерттеулер жүргізу, өнімді
жасау, өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау, өнімді игеру және
өндіріске қою, оны жасау және пайдалану процестеріне байланысты. Бұл жерде
оның тиімділігін бағалау, критерийлерін таңдау, әрбір критерийдің мәнінің
маңыздылығын анықтап алу қажет. Осы жағдайда квалиметрия әдістерін
қолданған жөн.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалауға кешенді жақындау
стандарттау жұмыстарының мақсатқа сай екендігін анықтайтын, техникалық,
экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық факторлардың барлығын
бірге және өзара байланыста талдауға және ескеруге мүмкіндік береді. Күтілген
тиімділіктің барлық бағалары ықтималды болжау сипатта және абсолютті дәл
бола алмайды. Стандартты жасау барысында пайда болатын толығырақ
ақпараттардың келуінен есептеу сапасы тұрақты өсіп отырады, бұл жағдай ең
жақсысын таңдап алуға мүмкіндік болғанға дейін, қарастырылып отырған
шешімдер нұсқалары санын біртіндеп азайтуға әкеледі.
Стандарттаудан
экономикалық
тиімділік
алу
көздері
өздерінің
сипаттамалары бойынша әралуан, бірақ шамалы ескерулермен олардың
барлығын:
- өнім сапасын жақсарту нәтижесінде қол жеткізетін үнемділік және ішкі
және сыртқы нарықта өнім бәсекелестігін көтеру нәтижесінде табыстың өсуіне,
өнімді сату нарығын және өндіріс түрлерін кеңейтуге;
- өнімді жеткілікті сапамен және минималды қор шығынымен шығаруға
болатын мүмкін болатын шешімдер нұсқаларынан оңтайлысын таңдап алу
нәтижесінде қол жеткізетін үнемділікке;
- сапаны басқару, экология, еңбек қауіпсіздігі және т.б. салалардағы
ұйымдастыру шешімдерінің сапасын жетілдіру нәтижесінде болатын
үнемділікке келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: