Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет164/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

2.  Индуктивтік 
(
4.12–сурет
)  –  жұмыс  істеу  принципі  бақыланатын 
бұйымның өлшемін өлшеу кезіндегі тұйықталған дросселдегі саңылаудың және 
ауыспалы ток шынжырында кедергінің өзгеруіне негізделген. Өлшенетін шама 
шынжырда  ағып  өтетін  токтың  шамасына  анықталған  тәуелділікте  болады. 
Сорттау,  реттеу,  басқа  басқарушы  үрдістер  арнайы  релелердің  көмегімен 
жүзеге асырылады. 
Индуктивті 
түрлендіргіштердің 
магниттік 
шынжыры 
өте 
кіші 
саңылаулардан  тұрады,  өлшенетін  шаманың  еленбейтін  мәнге  өзгеруі 
салыстырмалы түрде магниттік кедергінің үлкен өзгерісіне сәйкес келеді. 
Цехтық  өлшеулерде  бұйымдардың  нақты  өлшемдерін  анықтауда  осы 
типтегі  аспаптарды  қолдану  ұсынылады.  Бұл  аспаптардың  артықшылығы  
түрлендіргіштерінде  аспаптың  сенімділігін,  ұзақ  қызмет  етуін  төмендететін, 
бұзылуына  алып  келетін  сезімтал  тіректердің,  шарнирлердің,  контактілердің 
жоқ болуы болып табылады.  
Индуктивті  түрлендіргіштің  жұмыс  істеу  принципі  қос  электромагниттік 
өлшеу  катушкаларының  арасына  жылжымалы  якорьді  орналастыру 
бақыланатын  бұйымның  шамасымен  анықталады.    Егер  якорь  катушкалардың 
ортасында  орналасса,  онда  қос  катушканың  саңылаулары  мен  индуктивтілігі 
тең.  Егер  якорь  катушкалардың  біріне  жақын  орналасса,  онда  жақын 
орналасқан  катушканың  кедергісі  артады,  ал  келесі  катушканың  кедергісі 
азаяды. Бұл өзгеріс бақыланатын шаманың өлшемі болып табылады. 
Якорьді  орта  жағдайға  орнату  калибр  мен  соңғы  өлшемдердің  көмегімен 
жүзеге асырылады. 
Электроконтактілік аспаптармен салыстырғанда, бұл құрылғылардың құны 
жоғары, бірақ  артықшылықтары  көп: өлшеу  тілшесіне  кері  механикалық  әсері 
жоқ,  эксплуатациялауда  сенімді,  өлшеу  тапсырмасына  қатысты  бірнеше 
шақтама өрістерін орнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет