Сертификаттау


Координатты өлшеу машиналары



Pdf көрінісі
бет167/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

5.6 Координатты өлшеу машиналары 
 
Машина жасау cаласында 60 пайыздан астам бөлшектерді жазықтықта, яғни 
1  координаттық  осьтен  артық  жағдайда  өлшеу  қажет.  Осындай  күрделі 
бөлшектерді  бақылау  компьютерді  қолдану  арқылы  координаттық  әдіспен 
жүргізіледі. 
Осы  әдіске  негізделген  координатты  өлшеу  машиналары  (КӨМ)  жеңіл 
қызмет 
көрсетуімен, 
эконмикалық 
тұрғыдан 
ақталғанымен 
және 
әмбебаптылығымен ерекшеленеді (
5.11–сурет
). 
КӨМ-ның  негізгі  сипаттамаларына  кезкелген  3  жүйенің  біреуінде:  өлшеу 
басшалары  орналастырылатын,  осьтерге  сәйкес  келетін  машиналық  жүйеде, 
бөлшек осьтеріне  сәйкес  келетін  қалыпты  жүйеде,  қалыпты  жүйеге  қатысты  3 
координат  бойынша  орналастырылуы  мүмкін  көмекші  жүйеде  тікбұрышты 
координатты өлшеу мүмкіндігін жатқызады. 
Қандай  да  болсын  жүйеде  алынған  өлшемдер,  кезкелген  басқа  жүйеге 
қайтадан тез саналуы мүмкін. 
Математикалық  базаландыру  бағдарламасы  КӨМ-ның  кезкелген  өлшеу 
жазықтығының  жағдайында  бөлшекті  бақылауға  мүмкіндік  береді  және  қысу 
айлабұйымдары  мен  өлшеу  құралдарының  көмегімен  қолдап  базаландырудың 
қажеттілігін болдырмайды. 
КӨМ-ның  призматикалық  пішіндегі  бөлшектері  үшін  бөлшектің  5  жағына 
щуп  келтірілуі  мүмкін,  бөлшек  орнатылған  6  жағы  өлшеу  базасы  болып 
табылады. 
Күрделі  бөлшектерді  өлшеуде  өлшеу  базасын  өзгертудің  қажеттілігінің 
болмауы және бөлшекті көрсету КӨМ-ның артықшылығын құрайды. 
КӨМ-да  орналастырылуы  фотоимпульстік  жүйемен  бақыланатын  щупты 
өлшеу басшасы (
5.12 -сурет
) бар. 
Өлшеу  бетінің  дәл  орналаспауынан  туындаған,  басшаға  қатысты  щуптың 
нөлдік  деңгейден  ығысуы  үшкоординатты  датчиктің  көмегімен  дұрысталады. 
КӨМ-ның  қолданылу  облысы  әртүрлі  және  2  топқа:  механикалық  өңделетін 
бөлшектердің  өлшемдерін  бақылауға  және  үзіліссіз  бетпен  шектелген 
бөлшектердің пішінін бақылауға бөлінеді. 
Бірінші  жағдайда  негізгі  талап  –  алынған  нәтижелерді  шақтамаларды 
сақтағандағы номинал мәндермен (сызбада қойылған мәндер) салыстыру үшін, 
белгілі  бөлшектердің  өлшемдерін  бақылау 
5.11-сурет
  немесе  салыстырып 
тексеру.  Ол  «бір  нүктеден  келесі  нүктеге»  өлшеу  ретінде  тұрқыларды, 
біліктерді, тісті дөңгелектерді және т.б. бақылау үшін қолданылады. 


 
149 
 
5.11-сурет 
 
 
 
5.12-сурет 
 
Екінші  жағдайда  негізгі  талап  –  пішінін  сақтап  қалу  үшін  белгісіз  дененің 
бетін  өлшеу,  сонымен  қатар  бұл  пішінді  талаптарға  сәйкес  графиканың 
көмегімен көрсету. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет