5.7 Өлшеу және бақылау үрдістерін автоматтандыру
Бақылауды автоматтандыру және механикаландыру құралдары.
Өлшемдерді бақылауды автоматтандыру мен механикаландырудың
алғашқы деңгейдегі құралдарына жүктеу және босату операциялары қолмен
жүргізілетін айлабұйымдар жатады. Автоматтандырылған құрылғылардың
әрекеті әртүрлі өлшеу түрлендіргіштерін пайдалануға негізделген. Бірінші
өлшеу түлендіргіші – бұл беруге, түлендіруге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы
түрде сигналдарды алуға тағайындалған өлшеу құралы. Өлшеу түрлендіргіші
құрама элемент ретінде жеке құрылғы болып табылатын датчик құрамына
кіреді және датчикте түрлендіргіштен басқа өлшеу тілшесі, рычаг, беруші
механизм, орнату элементтері бар. Сондай-ақ басқару аспаптарына арналған
функционалдық түзілімдер, байланыс индикаторлары, электроконтакттік,
пневмоэлектро-контакттік,
пневматикалық,
фотоэлектрлік,
сараптаушы,
механотроптық, индуктивтік, электрондық релелер, лазерлік түрлендіргіштер
сияқты өлшеу түрлендіргіштері бар өлшеу құралдар кеңінен таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |