Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет216/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

ISO 9000 
TQM 
Белгілі бір тұтынушыға фокустың 
қажеттілігі жоқ 
Белгілі бір тұтынушыға фокус 
Корпоративтік стратегияға 
интеграцияланбаған 
Компанияның интеграцияланған 
стратегиясы 
Техникалық жүйе мен процедураларға 
фокус 
Философияға, құралдарға және 
әдістемелерге фокус 
Барлық қызметкерлерді тарту міндетті 
емес 
Барлық қызметкерлерді тарту 
қажеттілігін көрсетеді 
Үздіксіз жақсартуға фокусталмайды 
Үздіксіз жақсару мен TQM 
синонимдер болып табылады. 
Нәтижесінде TQM үздіксіз және 
аяқталмайтын сапаға саяхат болып 
көрсетіледі 
Сапаға жауапкершілік анықталуы және 
құжат бойынша рәсімделуі тиіс, бірақ 
көбінесе, сапаға жауапкершілік сәйкес 
бөлімшелерге тапсырылады, мысалы сапа 
бөлімі  
Әрбір қызметкер сапаға жауапты 
Бөлімшелерге фокустың мүмкіндігі 
Барлық бөлімшелерді, 
функцияларды және деңгейлерді 
ұйымдастыру 
Негізінен статикалы болып табылады 
Процесс пен мәдениетті өзгертуге 
тырысады 
 
TQM  теориясының  дамуына  американдық  ғалымдар  мен  басқарушылар 
Эдвардс  В.  Деминг,  Джозеф  М.  Джуран  және  Филипп  Б.  Кросби  үлкен 
үлестерін  қосты.  Олар  сапаға  ұйым  деңгейінде  қол  жеткізу  қажеттілігін 
түсіндірді.  Өздерінің  көптеген  жұмыстарын  тәжірибеде  тексеріп,  тамаша 
нәтижелер алды. Мысалы, соғыстан кейінгі Жапонияда Э. В. Деминг пен Д. М. 
Джуран жүргізген сапа жүйесін жасау бойынша семинарлар мен практикумдар 
осы елде сапаны қамтамасыз етудің ең үздік жүйелердің бірін жасап шығаруға 
және  әлемнің  көптеген  елдерінде  даңқы  жайылған  өнім  шығаруға  мүмкіндік 


 
210 
берген маңызды факторлардың бірі болды. 
Ф. Б. Кросби көптеген атақты компаниялардың бас менеджері болды, оның 
басқаруымен  бұл  компаниялар  бизнесте  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді, 
мысалы, ITT телекоммуникация саласындағы американдық гигант. 
Э.  В.  Демингтың  сапа  тұжырымдамаларының  ең  бастысы:  ауытқулар, 
шынайы  емес  ауытқуларды  іздеу  және  оның  себептерін  шығару  процестері 
әрқашан  болып  тұратындығын  мойындау  болып  табылады.  Егер  процесте 
экстремалдық  ауытқулар  туындаса,  бұл  болжамды  едәуір  қиындатуы  мүмкін, 
яғни ұйымға жеткізушілерден тұрақсыз жеткізулердің әсерін минимумға дейін 
жеткізу  үшін  көбірек  персоналдар,  шикізаттар  мен  материалдар  қажет  болуы 
мүмкін. 
Деминг  жұмыстарында  көбінесе,  процестерге,  жүйелер  мен  статистикаға, 
әсіресе,  сәйкессіздіктің  пайда  болу  себептерін  табу  үшін  статистикалық 
әдістерді  пайдалану  бойынша  сапаны  жақсартуға  көп  көңіл  бөлінсе,  Джуран 
әрбір  менеджердің  тікелей  сапаны  жоғарылату  бойынша  жұмыс  істеу 
қажеттілігін көрсетеді. 
Осы  ғалымдар  ұсынған  сапаға  қол  жеткізудің  негізгі  принциптерін 
қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет