Джозеф М. Джуранның сапаны көтеру бойынша 10 сатысы 1. Сапалы жұмыстағы сұраныс түсінігін құрыңыз және сапаны жақсарту
үшін мүмкіндік жасаңыз.
2. Іс-әрекетті тұрақты жетілдіру үшін мақсаттар қойыңыз.
3. Мәселелерді анықтау үшін, жобаларды таңдау үшін жағдай жасап,
командалар құрып және координаталарды таңдап, мақсаттарға қол жеткізуге
жұмыс істейтін ұйымдар құрыңыз.
4. Мекеменің барлық қызметкерлерін оқытыңыз.
5. Мәселелерді шешу үшін жобаларды орындаңыз.
6. Қол жеткізген жақсартулар туралы қызметкерлерге хабарлаңыз.
7. Сапаны жақсартуға үлкен үлес қосқан қызметкерлерге өз алғысыңызды
білдіріңіз.
8. Нәтижелер туралы хабарлаңыз.
9. Жетістіктерді тіркеңіз.
10. Жыл бойы қол жеткізген жетістіктертерді мекемеде үнемі қызмет
атқаратын жүйелер мен процестерге бекітіп, енгізіңіз.