Сертификаттау


 Мекеменің тапсырушыға бағдары



Pdf көрінісі
бет222/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

1. Мекеменің тапсырушыға бағдары 
Мекеме  толықтай  өзінің  тапсырушыларына  тәуелді  болады,  сондықтан 
тапсырушының қажеттіліктерін түсіну, оның талаптарын орындау және үмітін 
ақтауға тырысу қажет. Тіпті, минималды талаптарға жауап беретін сапа жүйесі 
де  ең  алдымен,  тұтынушы  талаптарына  бағытталуы  тиіс.  Клиент 
сұраныстарына  бағытталудың  жүйелік  әрекеті  тапсырушылардың  шағымдары 
мен арыздарын жинап, талдаудан басталады. 
Шағымдар  мен  арыздарды  талдаудың  тәжірибесін  көптеген  сапа  жүйесі 
белгіленбеген ұйымдар жүргізеді. Бірақ TQM-ді қолдану шарттарында ақпарат 
бірнеше  мәліметтер  көзінен  жүйелі  түрде  түсіп,  нарық  немесе  нақты 
тапсырушының сұраныстары мен тілектеріне қатысты нақты және негізделген 
қорытындылар алуға мүмкіндік беретін процесте интеграциялануы тиіс. 
Өз  шеңберінде  TQM  жүйесін  енгізетін  ұйымдарда  барлық  ақпараттар  мен 
мәліметтер  мекеме  ішінде  толығымен  таралуы  керек.  Қазіргі  жағдайда 
мекеменің  іс-әрекетін  тұтынушылық  бағалауды  анықтауға  және  мекеменің 
тапсырушыларды  қанағаттандыра  алу  деңгейін  өзгертуге  бағытталған 
процестер енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет