2. РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТІ 2.1. Ресурстармен қамтамасыз ету Бұл бөлімде сапа жүйесін сәйкес күйде ұстау үшін ресурстармен
қамтамасыз ету туралы айтылады.
Ресурстар мен өнімді жоғалту, зиян келтіру немесе оны пайдалануға
жарамсыздығы жөніндегі барлық жағдайлар тіркелуі тиіс және тұтынушыға
хабарлануы тиіс, яғни тексеру, сақтау, түзету мазмұны, сондай-ақ тұтынушыға
бұзылулар мен ақаулар туралы хабарлау қажет.
2.2. Өнімді идентификациялау және қадағалау Өнім идентификациялау дегеніміз бұйымның белгіленуі, ал қадағалау – бұл
технологиялық процесте бұйымның қай жерде орналасқанын, қандай өндіріс
сатысында және ол қандай күйде екенін кез келген уақытта айту үшін оны
басынан аяғына дейін анықтау мүмкіндігі.
Мекеме тұтынушы талаптарын қанағаттандыруда сенімділікті қамтамасыз
ету үшін материалдар мен олардың өндіріс, қаптау және жеткізу
процестеріндегі қозғалысын идентификациялау процедурасын қолдау қажет.
Мекеме өнімнің идентификациялау және қадағалау әдістері құжат түрінде
рәсімделіп, олардың тұтынушы талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жауапты
болып табылады.