Кірістік жобалау мәліметтері. Жобалауға қажетті талаптарды алу жүйесі
анықталуы тиіс. Жобалау тобы жобаға қойылатын қарама-қарсы талаптарды
талдау кезінде маркетингтік қызметпен белсенді қарым-қатынас жасауы тиіс.
Шығыстық жобалау берілімдері. Олар құжат түрінде рәсімделіп,
талаптар, есептеулер және талдаулар түрінде ұсынылуы тиіс; кірістік жобалау
талаптарына жауап беруі тиіс; қабылдау критерийлерінен тұруы қажет.
Жобаны тексеру. Мекеме басшылығы компетентті персоналдың жобаны
тексеру функцияларын жоспарлайды, құжаттандырады және бекітеді. Жобаның
мұқият және құжат түрінде рәсімделуін қамтамасыз ету қажет.