Сертификаттау


- ұлттық ретінде көрсетілген стандарттарды бекіту кіреді



Pdf көрінісі
бет29/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

 
- ұлттық ретінде көрсетілген стандарттарды бекіту кіреді.
 
АҚШ-та  стандарттарды  дайындаумен  600-ге  жуық  ұйымдар  айналысады. 
Стандарттау  жүйесі  ерікті  сипатта  және  стандарттарға  сәйкестілік  міндетті 
болып табылмайды. 
Ерекше рөлді мамандандырылған ассоциациялар (олар 300-ге жуық) алады. 
Олардың арасында Авиациялық – космостық өндірістің ассоциациясы, Ұлттық 
электротехникалық  ассоциация,  Азаматтық  құрылыстың  американдық  қоғамы 
сияқты ірі ассоциациялар бар, бұл ассоциациялардың құрамына өндірістің осы 
салаларында  жұмыс  істейтін  тапсырыс  берушілердің,  жеткізіп  берушілердің, 
өндірушілердің  ұйымдары,  қызмет  сферасын  таныстырушылар  және 
кәсіпорындар  кіреді.  Олардың  барлығында  жалпы  коммерциялық  көзқарастар 
болады және өздерінің өнімдеріне стандарттарды бірге дайындайды.  
АҚШ-тың  федералды  билігі  стандарттау  бойынша  ұйымдардың 
қызметтеріне  жетекшілік  жүргізбейді  және  қаржыландырмайды,  бірақ  жеке 
секторға  тірек  көрсетуде  техникалық  стандарттарды  дайындаудың  белсенді 
қатысушысы ретінде және ерікті стандарттауда сатып алушы ретінде қатысады. 
Сонымен  қатар  федералды  билік  стандарттау  үрдістерінің  ұлттық 
көзқарастарды    қамтып  отыруын  бақылап  отырады.  Мемлекет  тарапынан 
стандарттау  бойынша  жұмыстарға  жалпы  реттеуді  АҚШ-тың  сауда 
министрлігінің  құрылымына  кіретін  Стандарттардың  және  технологиялардың 
ұлттық институты (NIST ) жүзеге асырады. 


 
28 
Регламенттермен  (қолдануға  міндетті)  стандарттарды  мойындау  бойынша 
функциялар: 
- тұтынушы тауарларының қауіпсіздігі бойынша комиссияны (CPSC); 
-  денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қызмет  министрлігінің  құрамындағы 
азық-түлік және дәрілік құрылғылар бойынша әкімшілік (FFDA); 
-  автомобильдік  транспорттар  қозғалысының  қауіпсіздігі  бойынша  ұлттық 
әкімшілікті (NHTSA); 
- саудалық федералды комиссияны (FTC); 
-  қаржы  министрлігін  (алкогольдік  сусындардың,  темекі  заттарының  және 
қарулардың айналымын бақылау саласында) қамтиды. 
АҚШ-та  стандарттаудың  сұрақтары  міндетті  нормаларды  орнатудың 
үйлесімділігіне  енгізілген  жекелік-мемлекеттік  серіктестіктің  қағидасы 
бойынша  реттеледі.  Биліктегі  әрбір  жеке  мемлекеттік  орган  өзінің  саласында 
міндетті  стандарттарды  –  регламенттерді  орнатуға  міндетті.  Бірақ  мұндай 
стандартты-регламентті жасау процедурасы міндетті түрде сол үрдіске барлық 
қызығушы  құрылымдардың  қатысуымен  жүргізіледі.  Қазіргі  уақытта  АҚШ-та 
9371  стандарт-регламент  бар,  олардың  6500  астамы  билікке  қатыссыз 
ұйымдармен  –  ASME,  ASTM,  API  және  т.б.  (2008  жылдың  соңындағы 
мәліметтер) дайындалған. 
Америкалық  стандарттау  жүйесінің  кейбір  қиындықтарына  қарамастан,  ол 
жүйе  өз  уақытында  тұтынушылардың,  биліктің  және  өндірістің  сұраныстарын 
қанағаттандырып,  өндірушілерге  өнімді  жобалауға,  дайындауға  және  жүзеге 
асыруға көмектесе отырып, өзінің тиімділігін дәлелдеуін жалғастыруда. Қазіргі 
уақытта АҚШ әлемдік өндірістік өнімнің 25 пайызға жуығын өндіреді. Бұл ел 
ғарыштық  техника,  теміржол  транспорты,  автомобиль  жасау,  авиақұру, 
компьютерлік  техника  сияқты  жоғары  интелектуалды  өндіріс  түрлерінде 
алдыңғы орындарды алады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет