31
қадағалау жоспарларын орындауды бақылау және жобалауды жүзеге асыру;
- отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын жоғарылатудағы
мемлекеттік қадағалау саясатын құру және оны нақты жүзеге асыру;
- мемлекеттік қадағалау бойынша
аймақтық қызметті құру;
- мемлекеттік қадағалау бойынша нормативтік және құқықтық құжаттарды
дайындау;
- ішкі саудаға сапасыз тауарлардың түсуін болдырмау үшін сынақ
зертханалары мен сертификаттау органдарының жұмысына мемлекеттік
бақылауды қатаңдату.
2. Стандарттау
- ішкі және сыртқы нарықта отандық өндірушілер өнімінің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатындағы халықаралық нормалары және
талаптары бар заңнамалық актілер мен нормативті құжаттарды үйлестіру және
дайындау;
- стандарттау салаладағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу;
- стандарттау бойынша мемлекеттік саясатты құру және жүзеге асыру;
- мемлекеттік стандарттау жүйесінің жаңаруының және дамуының негізгі
бағыттарын анықтау;
- халықаралық талаптарға сәйкес етіп үйлестіріп, ҚР-ның нормативтік
базасын құру.
3. Метрология
- мемлекеттік стандарттармен орнатылған нормаларға, ережелерге және
талаптарға сәйкес қажет етілген дәлдіктегі Қазақстан Республикасындағы
өлшемдердің бірыңғайлығына қол жеткізуге және оны ұстап тұруға
бағытталған метрологиялық қызметтердің жұмысын қамтамасыз ету;
- өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасында өлшемдердің дұрыстығын және деңгейін
жоғарылату;
- қолдануға рұқсат етілген өлшем бірліктерін орнату;
- өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және
нормативті негіздердің өлшем бірліктерінің эталондық базасын құру және
жаңарту;
- мемлекеттік метрологиялық бақылау, қадағалау және метрология бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- өлшеу құралдарына, әдістеріне және өлшеудің нәтижелеріне жалпы
метрологиялық
талаптарды анықтау;
- метрология бойынша халықаралық іскерлікті дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: