59
Бұйым конструкциясын типтеу – бұйымға, құрастыру бірліктеріне және
тетікке ортақ конструктивтік параметрлері бар типтік конструкцияларды
тағайындау және жасау. Типтеуде барлық типтер мен бұйымның типтік
өлшемдерін, олардың бөлшектері мен тетіктерін талдап қана қоймай, ғылым
мен техниканың жетістіктерін және өнеркәсіп дамуын ескеретін бұйымның
жаңа типтері мен типтік өлшемдерін, олардың тетіктері мен бөлшектерін
жасайды. Бұйымның, оның құрастыру бөлшектері мен тетіктерінің сәйкес
қатарын тағайындау осындай жұмыстың нәтижесі болады.
Технологиялық процестерді типтеу – біртиптік тетіктерді өндіру немесе
қандайда болмасын жіктеу топтарының немесе бұйымның біртиптік
бөлшектерін жинауға технологиялық процесті жасау. Технологиялық
процестерді типтеудің алдында тетіктерді, құрастыру бөлшектерін және
бұйымдарды жіктеу жұмыстары және өкіл объектісі -берілген объектілер
тобына тән ең көп белгілерге ие типтік өкілдерін тағайындау жүргізіледі.
Бірдейлендірудің төмендегідей түрлері бар.
Өлшем ішіндегі бірдейлендіру деп базалық моделі бар нақты бір бұйымның
барлық модификациясын немесе бір типтік өлшем ішінде өзара бірдейлендіруді
айтамыз.
Өлшем аралығындағы бірдейлендіру деп базалық модельдерді немесе
олардың модификацияларын (бұйымның параметрлік қатарының әртүрлі
өлшемдері арасында, бірақ бір типтің ішіндегі) бірдейлендіруді айтамыз.
Аталған бірдейлендірудің екі түрін, бір типтің машиналарын, құрастыру
бөлшектерін және тетіктерін қамтитын болғандақтан тип ішіндегі
бірдейлендіруге жатқызамыз.
Тип аралығындағы бірдейлендіру деп әртүрлі параметрлік қатар мен түрлі
типке жататын бұйымды бірдейлендіруді айтамыз. Мысалы, R10 (800, 1000,
1250, 1600 мм) қатары бойынша тағайындалған, өңделетін дайындаманың
стандартты ені негізінде бойлай жоңғылайтын, бойлай сүргілейтін, бойлай
ажарлайтын станоктары бір тип аралық қатарды бірдейлендіруге болады.
Көрсетілген барлық станоктар үшін 45% бірдейлендірілген түйіндерді (жақтау,
тұғыр, көлденең жақтау, бағыттаушы, жылдамдық қораптары, басқару
органдары, т.б.) пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірдейлендіру зауыттық (зауыт шегінде), салалық (саланың бір қатар
зауыттары үшін), сала аралық (өнеркәсіптің түрлі саласының кәсіпорындары
үшін) болады.
Достарыңызбен бөлісу: