Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет70/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)


МАШИНА 
ЖАСАУ 
САЛАСЫНДАҒЫ 
СТАНДАРТТАУ 
ОБЪЕКТІЛЕРІ 
 
2.1 Өнеркәсіп өнімдерін стандарттау 
 
Өнеркәсіп  өнімі  бұл  пайдалы  қасиеттерге  ие,  тұтынушылардың  өздерінің 
жеке 
немесе 
қоғамдық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
мақсатына 
пайдаланатын еңбек іс-әрекеті процесінің материалданған нәтижесі. 
Барлық өнеркәсіп өнімдері екі класқа бөлінеді: 
1.
 
Пайдалану кезінде шығындалатын – шикізат, отын, материал, азық-түлік. 
2.
 
Өз  ресурсын  шығындайтын  –  жөнделетін  және  жөндеуге  келмейтін 
бұйымдар. 
Бұйым дегеніміз санын даналап санауға болатын, өнеркәсіп өнімінің бірлігі. 
Әрбір  бұйым  берілген  бұйымның  сапа  көрсеткіштерін  анықтайтын  шамалар, 
шығу  параметрлерінің  жиынтығымен  сипатталады.  Сапа  көрсеткіштері 
бұйымның  функционалдық  тағайындалуына  тәуелді  бұйымның  түрлі 
қасиеттерін  сипаттай  алады.  Осы  қасиеттерінің  ішінде  маңызды  мәні  бары: 
өзара  ауыстырымдылық  және  оған  сәйкес  қасиеттер:  дәлдік,  сенімділік  және 
тұрақтылық. 
Әрбір  бұйым  сапасы  шығу  көрсеткіштерінің  қатарымен  сипатталады, 
олардың  шекті  мәндері  нормативтік  техникалық  құжаттармен  (НТҚ) 
бақыланады  және  регламенттеледі.  Машина  жасау  саласының  бұйымдарын 
стандарттауда, бұйымды жасау кезінде талаптарын сақтап  орындауға жататын 
ұйым  стандарттарын  НТҚ  кіргізу  тәжірибесі  жинақталған.  Ұйым  стандартына 
(ҰС)  өздерінің  сапалық  көрсеткіштері  жүйесі  үшін  тағайындалған  сандық 
мәліметтер  мен  шақтамалар  кіреді.  ҰС  бұйымды  жобалау,  жасау  процесінде 
шешімін  күтетін  мәселелерді  анықтайды.  ҰС  бұйымның  тағайындалуын, 
қойылатын  талаптарды,  бақылау  әдістерін,  жасаудың  жаңа  әдістерін, 
тасымалдауын, сақталуын, т.б. көрсетеді. 
2006  жылға  дейін  кәсіпорындарда  «Техникалық  шарттар»  (ТШ)  деген 
нормативтік құжат жұмыс жасайды. Бұйымның шағын партиямен шығарылған 
жағдайында  кәсіпорынмен  ТШ  жасалынды.  2006  жылдан  бастап  ТШ 
тоқтатылды және ҰС алмастырылды. 
ҰС  техникалық  та,  нормативтік  те  құжат  болып  келеді.  Келісім  -шартта 
немесе  келісімде  ҰС  сілтеме  берілсе,  онда  ол  нормативтік  құжат  ретінде 
жүреді.  ҰС  барлық  мүдделі  жақтармен,  әсіресе,  тапсырыс  беруші  жақпен 
міндетті  түрде  келісіледі.  ҰС  міндетті  талаптары  келісуге  жатпайды.  Бұл 
жағдайда  ҰС  сәйкес  стандартқа  сілтеме  берілуге  тиіс.  Машина  жасау 
саласының  бұйымдарының  ҰС  екі  міндетті:  номиналды  өлшем  және  шақтама 
шамасына қарай дәлдік талаптары нұсқауы енгізіледі. 
ҰС төмендегілердің көмегімен жасалады: 
1.
 
Жіктеу, негізгі параметрлер (өлшемдер), сапа параметрлері (сенімділік, 
тағайындалуы, эргономика, ресурс үнемдеу, технологияылық) жалпы талаптар, 
орау,  қауіпсіздік,  экология  талаптары,  өнімді  қабылдау  ережелері,  бақылау, 
тасымалдау, сақтау әдістері, пайдалану, жөндеу, жою ережелері кіретін жалпы 


 
62 
техникалық шарттардың стандарты. 
2.
 
Нақты  бір  өнімге  қойылатын  талаптарды  тағайындайтын  нормативтік 
құжат  ретінде  техникалық  шарттар  стандарты  жүреді.  Бұл  талаптар  жалпы 
техникалық  шарттар  стандартына  қарама-қайшы  болмауы  қажет.  Бірақ, 
техникалық  шарттар  стандартында  стандарттау  объектісіне  қатысты  (егер 
бұйым сертификатталған болса тауар немесе сәйкестік белгісі туралы деректер, 
қажеттілік  болса  қауіпсіздік  бойынша  жалпы  талаптар)  нақты  қосымша 
талаптар болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет