Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет78/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

БІЛІК 
ТЕСІК 
2.9 - сурет 
 
Нақты  өлшем  –  бұйымның  шынайы  өлшемі.  Тетіктің  номиналды  өлшемін 
абсолюттік дәлдікпен орындау мүмкін емес. 
Нақты және номиналды өлшемдер айырмасы қателік деп аталады. 
Шекті  өлшемдер  (ең  үлкен  және  ең  кіші)  арасында  нақты  өлшем  ауысып 
отырады.  Тесік  D
max
  ,  D
min
  үлкен  әріптермен,  білік  d
max
,  d
min 
кіші  әріптермен, 
белгіленеді. Нақты өлшем мен шекті өлшемдерді салыстыру негізінде тетіктің 
жарамдылығы бағаланады. 
Жоғарғы  шекті  ауытқу  ES,  es  –  ең  үлкен  шекті  және  номиналды 
өлшемдердің алгебралық айырмасы. Төменгі шекті ауытқу EI, ei – ең кіші шекті 
және номиналды өлшемдердің алгебралық айырмасы. Тесік үшін ES = D
max
 – D, 
EI = D
min 
– D, білік үшін es = d
max 
– D, ei = d
min 
– D. 
Номиналды  және  сызықтық  шекті  өлшемдер  және  олардың  ауытқулары 
сызбада  миллиметрмен  (мм),  өлшем  бірлігінсіз,  бұрыштық  өлшемдер  және 
олардың  ауытқулары  градуспен,  минутпен  және  секундпен  өлшем  бірліктері 
көрсетіліп  қойылады.  Шекті  ауытқулар  шақтама  кестелерінде  микрометрмен 
көрсетіледі.  Ауытқулардың  абсолюттік  мәндері  тең  болса,  оларды  бір  рет 
көрсетеді.  Нөлге  тең  ауытқулар  сызбада  көрсетілмейді,  оң  мәнді  ауытқулар 
өлшемнің  жоғары  жағында,  ал  теріс  мәнді  ауытқулар  төмен  жағында 


 
72 
орналасады. 
Шақтама
 деп ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырмасын айтады. 
Ол  партиядағы  жарамды  тетіктердің  нақты  өлшемдерінің  рұқсат  етілген 
шашырау  алаңын,  берілген  жасау  дәлдігін  анықтайды.  Көрнекілік  үшін 
шақтамалардың  шақтама  алаңын  графикалық  түрде  береді.  Мұнда  бұйым  осі 
әрқашан сызба астында жатады. 
Шақтама  алаңы  –  жоғарғы  және  төменгі  ауытқулармен  шектелген  алаң. 
Шақтама  алаңы  номиналды  өлшемге  қатысты  шақтама  мәндері  мен  оның 
орналасуына байланысты анықталады. 
Шақтама  алаңы  графикалық  суреттелгенде  нөлдік  сызыққа  (нөлдік  сызық 
номиналдық  өлшемге  сәйкес)  қатысты  жоғарғы  және  төменгі  ауытқуларға 
сәйкес жоғарғы және төменгі сызықтары бар түзу бұрыш болып келеді. 
Біріктірілетін  екі  немесе  бірнеше  тетіктерді  түйіндескен  тетіктер  деп 
атайды.  Тетіктердің  біріктірілуі  өтетін  беттерді  түйіндесу  беттері  дейді. 
Қалғандары еркін беттер. 
 
 
Тесік  пен  біліктің  шақтама  алаңдарының  орналасуына  байланысты  (
2.10-
сурет
): 
-
 
саңылаулы (а), 
-
 
керілмелі (ә), 
-
 
өтпелі (б) (саңылауда, керіліс те болуы мүмкін) қондыру болады. 
Ең  үлкен  және  ең  кіші  рұқсат  етілген  керіліс  айырмасы  TN  =  N
max 
–  N
min
 
немесе  ең үлкен және  ең кіші саңылаулар  айырмасы  TS  =  S
max 
–  S
min
  қондыру 
шақтамасы  деп  аталады.  Өтпелі  қондыруда  қондыру  шақтамасы  абсолюттік 
мәнмен  алынған  ең  үлкен  керіліс  пен  ең  үлкен  саңылау  қосындысы.  Барлық 
қондыру  түрлері  үшін  қондыру  шақтамасы  тесік  пен  білік  шақтамасының 
қосындысына тең: 
TS ( TN) = TD + Td 
Қондыру параметрлері: 
саңылаулы: 
S
max
 = D
max
 – d
min
 ; S
min
 = D
min
 – d
max
 ; S
m
 = ( S
max
 + S
min
 )/2; 
TS = S
max 
- S
min 
= TD + Td; 


 
73 
керілмелі: 
N
max
 = D
min
 -d
max
 ; N
min
 = D
max
 -d
min
 ; N
m
 = ( N
max
 + N
min
)/2; 
TN = N
max
 – N
min
 = TD + Td 
формулаларымен анықталады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет