Сертификаттау


 Өзара ауыстырымдылықтың негізгі нормаларын стандарттау



Pdf көрінісі
бет76/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

 
2.4 Өзара ауыстырымдылықтың негізгі нормаларын стандарттау 
 
Функционалдық өзара ауыстырымдылық. 
Геометриялық, механикалық, 
электрлік және басқада функционалдық параметрлерінің оңтайлы дәлдігі және 
беттерінің  оңтайлы  сапасы,  нақты  тағайындалған  тетіктер  мен
 
құрастыру 
бірліктерін жасау (бұл жерде тиімді деңгей деп потенциалды тұтынушыға қол 
жетімді  максималды  жоғары  сапа  көрсеткішін  түсінеміз),  машиналар  мен 
аспаптардың жұмыс істеу қабылетін кепілдікпен беру, біртиптес бұйымдардың 
өзара  ауыстырымдылығын  қамтамасыз  етуге  болатынын  тәжірибе  көрсетті. 
Машиналардың  және  басқа  бұйымдардың  өзара  ауыстырымдылығын  оңтайлы 
пайдалану көрсеткіштері бойынша қамтамасыз ету машина жасау саласындағы 
өзара ауыстырымдылықтың негізгі принципі болып табылады. Функционалдық 
өзара  ауыстырымдылық  дегеніміз  бұйымның  жұмыс  жасау  қабылеті  оңтайлы 
және  уақыт  аралығында  тұрақты  пайдалану  көрсеткіштерімен  немесе 
құрастыру  бірліктерінің  жұмыс  жасауының  оңтайлы  сапа  көрсеткіштерімен 
және осы көрсеткіштер бойынша өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз ететін 
өзара  ауыстырымдылық.  Машиналардың  және  басқа  бұйымдардың  пайдалану 
көрсеткіштеріне әсер ететін геометриялық, электрлік, механикалық және басқа 
параметрлер  немесе  құрастыру  бірліктерінің  қызметтік  функциялары 
функционалдық 
параметрлер 
болады. 
Мысалы, 
жеңіл 
автомобиль 
қозғалтқышының піспек диаметрінің геометриялық өлшемі әртүрлі мемлекетте 
жасалынған 
түрлі 
автомашина 
модельдеріне 
бірдейлігі 
өзара 
ауыстырымдылықты  қамтамасыз  етеді,  тұрмыстық  теледидар  немесе 
компьютерлердің  кернеу  шамасы  көптеген  елдерде  220В,  т.с.с.  Өзара 
ауыстырымдылықтың 
жоғары 
тиімділігіне, 
функционалдық 
өзара 
ауыстырымдылығына  қол  жеткізу  үшін,  машиналар  және  басқа  бұйымдардың 
құрылымдау,  өндіру  және  пайдалану  кезеңдерінде,  атап  айтқанда,  өнімнің 
барлық  өмірлік  циклында  өзара  ауыстырымдылық  принципімен  біріктірілген, 
ғылыми-техникалық ережелерінің кешенін ескеру қажет. 
Құрылымдау кезеңдері. 
1.  Бұйымның  пайдалану  көрсеткіштері  жұмыс  процесі  сипаттамасының 
(тетіктердің  өлшемі,  пішіні  және  басқа  геометриялық  параметрлері) 
тұрақтылығымен,  тетіктер  жасалынған  материалдар  (шикізат)  қасиеттерінің 
механикалық, физикалық және химиялық деңгейімен анықталады. Материалдар 
қасиеттерінің  міндетті  түрде  өзгеруі  және  параметрлерінің  қателіктері  жұмыс 
процесінің параметріне және бұйымның пайдалану көрсеткіштеріне әсер етеді. 
2.  Бастапқы  шикізат,  материал,  жинақтаушы  бөлшектердің  біртектілігін, 


 
69 
олардың механикалық, физикалық және химиялық қасиеттерінің тұрақтылығы 
мен  теңдей  деңгейін  қамтамасыз  ету  қажет.  Осы  шарт  орындалған  жағдайда 
бұйымның  тозуы  бірқалыпты  жүріп  отырады,  барлық  құрамдаушыларының 
сенімділігі де бірдей болады. Бұйымда әлсіз буын болмайды. 
3.  Функционалдық  өзара  ауыстырымдылықты  бұйымды  жобалау  кезінде 
қамтамасыз  етіледі.  Бұл  үшін  біріншіден,  пайдалану  көрсеткіштерінің 
номиналды  мәндерін  анықтап  алу  керек  және  тағайындалуына  байланысты 
сенімділігі  мен  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптарды,  бұйымның  бекітілген 
жұмыс  жасау  мерзімінің  соңында  болатын  пайдалану  көрсеткіштерінің  рұқсат 
етілген  ауытқуларын  анықтау  қажет.  Жаңа  бұйымның  және  пайдалану 
мерзімінің соңындағы көрсеткіштер айырмасы оның шақтамасын құрайды. 
4. Құрылымдау кезінде бұйымның пайдалану көрсеткіштерінің мәндері мен 
рұқсат  етілген  ауытқулар  ауқымы  бағынышты  функционалдық  параметрлерді 
айқындау қажет. Шынайы және математикалық модельдерге сынаулар жүргізіп, 
бітпеген  жерлерін  табу,  экстремалдық  жүктемемен  жұмыс  жасау  кезінде 
пайдалану  көрсеткіштері  өздерін  қалай  көрсететінін  анықтау,  материалды 
таңдау,  шақтамалар  мен  қондыруларды  айқындап  алу  қажет.  Экономикалық 
факторларды  ескере  отырып,  алынған ақпараттар негізінде  жобаланып жатқан 
бұйымның параметрлері құрылады. 
5.  Бұйымды  жобалауда  тәуірірек  көру  және  агрегаттау  принциптерін 
басшылыққа  алып,  жалпы  техникалық  нормалар  мен  бірдейлендірген  және 
стандартталған  тетіктерді  кеңінен  қолдану  қажет.  Бұл  жобалау  процесін 
тездетуге, бұйымды арзандатуға және оның пайдалану көрсеткіштерін көтеруге 
мүмкіндік береді. 
6.  Жауапты  тетіктердің  беттерін  кедір-бұдырлығы,  пішіні  және  орналасуы 
бойынша  өзара  ауыстырымдылығын  қамтамасыз  ету  үшін  бұл  параматрлерді 
тетіктің тозуы аз, ал пайдалану сапасы оңтайлы болатындай етіп таңдау керек. 
7.  Жобалау  кезінде  технологиялықтың  талаптарын  міндетті  түрде  ескеру 
қажет,  бұл  дегеніміз  бұйымды  аз  қаражат  пен  кіші  уақыт  шығынымен  және 
пайдалануы  ыңғайлы  етіп  жасау,  бұйым  мен  тетіктерді  жасау  кезінде  сенімді 
метрологиялық бақылау мүмкіндігін қарастыру керек. 
Тетіктің  технологиялығы  өңделетін  беттердің  өлшемдерінің,  шақтамалары 
мен  кедір-бұдырлығын  дұрыс  қоюға  байланысты.  Бұйымның  функционалдық 
міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге конструкциялық қажеттілік болмаса, 
бұл  талаптарды  көтерудің  қажеті  жоқ.  Бұл  мәселеде  конструктор  мен 
технологтың алдыға қойған мақсаттары сарапқа түседі. 
Конструктор болашақ машинаны сызбада, қағазда, компьютерде көрсетеді. 
Ол машинаның сапалы, функционалдық және пайдалану қасиеттерінің жоғары 
болғанын  қалайды.  Бұл  талаптарды  толығымен  қанағаттандыру  үшін  жұмыс 
жобасында жоғары сапалы конструкторлық материалдар, өлшемдердің жоғары 
дәлдігі  мен  аз  шақтамалар  және  т.б.  беріледі.  Технолог  конструктордың 
жобасындағы  машинаны  металда  көрсетуі  керек.  Ол  да  машинаның 
құрылымдаушы  қойған  талаптарға  сай  болуын  қалайды.  Бірақ  технолог  өз 
цехының, зауытының және нақты өндірістің объективті талаптарын да ескеруі 
керек. 
Ол 
өз 
өндірісіндегі 
жабдықтардың, 
айла-бұйымдардың, 


 
70 
жұмысшылардың 
мүмкіндіктерін 
білуге 
тиіс, 
өйткені 
конструктор 
талаптарының әрбір қатаңдалуы көп еңбек, қаржы және уақыт шығындарының 
өсуін  талап  етеді.  Дайын  машина  өте  қымбат  болуы  және  өзінің  сатып 
алушысын таппауы мүмкін. 
Бұл  мәселеде  конструктор  мен  технолог  үшін  оңтайлы  шешім–  аз 
шығынмен жасалған жоғары сапалы машина. 
Бұйымды  жобалауда  өзараауыстырымдылықтың  бірінші  құрамдық  бөлігі  - 
техникалық  талаптары  мен  өлшемдері,  шақтамалары,  кедір-бұдырлығы  және 
т.б. көрсетілген жұмыс жобасын жасау. 
Жасау кезеңі (технологиялық). 
1.  Өзара  ауыстырымдылықты  қамтамасыз  ету  үшін  бұйымды  жасау  және 
құрастыру кезінде функционалдық параметрлерінің нормаланған дәлдігін қатаң 
сақтау қажет. 
2.  Бұйымның  жұмыс  жасау  қабылетінің  қорын  құруға  жауапты 
функционалдық параметрлер үшін: шартының орындалғаны жөн. 
,
F
R
T
T

 
мұнда T
F
 – пайдалану талаптарына қарай тағайындалатын параметр шақтамасы, 
T
R
 – технологиялық процесте қамтамасыз етілетін технологиялық шақтама. 
3.  Өзара  ауыстырымдылықты  және  бұйымды  шығару  сапасын  бұйымның 
талап  етілген  дәлдігінен  жоғары  дәлдігі  бар  замануи  жабдықтармен, 
технологиялық  және  өлшеу  құралдарымен  қамтамасыз  ету  үшін  бұйымды 
жасау технологиялық процесімен қамтамасыз ету қажет. 
4. Жауапты тетіктер үшін беттің оңтайлы сапасын құру қажет. 
5. Өзараауыстырымдылықты және бұйым шығару сапасын қамтамасыз ету 
үшін  құрылымдау,  технологиялық  өлшеу  базаларының  бірыңғайлық  ережесі 
сақталуы тиіс. 
Пайдалану кезеңі

1.  Қажетті  қосалқы  бөлшектердің  санын  анықтау  үшін  бұйымның  «әлсіз» 
жерін табу қажет. 
2.  Бұйымды  пайдалану  бойынша  сауатты  және  негізделген  нұсқаулық 
құрастыру керек. 
Бұйымның  функционалдық  өзара  ауыстырымдылық  принципін  іс  жүзінде 
жүзеге  асыруға  конструкторлық,  технологиялық,  метрологиялық  және 
пайдалану  құжаттарының  айқын  жүйесі  қажет.  Функционалдық  өзара 
ауыстырымдылық  принципін  тәжірибеде  дұрыс  қолдану  өнім  сапасы  мен 
бәсекелестігін құрайды. Өндіруші өнімнің барлық өмірлік циклын бақылайды, 
өнімді жасауда тұтынушының қалауы мен қажеттілігін ескереді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет