Беттердің пішін және орналасу қосынды ауытқулары мен шақтамалары . Радиалдық соғу айналу бетінің базалық өске қатысты соғуы,
қарастырылып отырған қима пішінінің дөңгелектіктен және оның центрінің
базалық оске қатысты ауытқуының біріккен нәтижесі. Ол айналу бетінің
шынайы пішіні нүктелерінен осы өске перпендикуляр, қимадағы базалық өске
дейінгі Δ ең үлкен және ең кіші арақашықтықтар айырмасына тең болады (
2.4- сурет ).
Бүйірлік соғу – барлық бүйір бет нүктелерінен базалық өске перпендикуляр
жазықтыққа дейінгі Δ ең үлкен және ең кіші арақашықтықтар айырмасы.
Қарастырылып отырған беттің жазықтылығынан және базалық өске қатысты
перпендикулярлығынан ауытқуының біріккен нәтижесі болып келеді (
2.5- сурет ).