Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет44/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Панин Виктор Петрович
Жоғары санатты дәрігер-оташы (хирург). ҚР-сы денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1942 жылы 28 маусымда Қарағанды облысы Осакаровск ауданында туған.. Қарағанды медицина институтын бітірген (1968). Тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқан (1957-1958). №1 Жезқазған облыстық ауруханасында дәрігер-хирург, травматолог (жарақат емдеуші), проктолог болып еңбек етті. Никольский қаласы халықтық сотының заседателі (1972-1978), әскери-медициналық комиссия төрағасы (1970-1983) болды. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі және ҚР-сы денсаулық сақтау Министрлігі құрмет грамоталарымен марапатталған. 1990 жылдан №1 қалалық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі.
Суркова Зинаида Тимофеевна


ҚР-сы білім беру ісінің үздігі. 1945 жылы 6 қыркүйекте Жезқазған қаласында туған. 1967 жылы Шадринск педагогикалық институтын бітірді. Еңбек жолын №2 орта мектепте физика пәні мұғалімі болып бастады, сосын сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырушысы, мектеп директоры болды. 1987-1994ж. – қалалық білім бөлімінің инспекторы, халық депутаттары Жезқазған поселкелік Кеңесінің екі шақырылымының депутаты болды. Білім Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 1994 жылдан С.Сейфуллин атындағы гимназия директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.


Әбілбекова Зейнеп
Еңбек ардагері. «Құрмет белгісі» орденінің иегері. 1937 жылы 8 ақпанда Талдықорған облысы Борлытөбе селосында туған. Еңбек жолын 1957 жылы Жезқазған кенбасқармасына қарасты №42 шахтада кенкөтергі машинисі болып еңбек етті. Халық депутаттары қалалық және облыстық Кеңестерінің депутаттығына сайланды. «Қажырлы еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» медальдары және құрмет грамоталарымен марапатталған. КОКП ХХҮІ съезінің және Қазақстан әйелдері съезінің делегаты болды.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Муканов О. Город Сатпаев и сатпаевцы. –г:Жезказган: ОАО «Полиграфия», 2003г.-190с.
2. «Галерея Почетный граждан», Шарайна №68-81. – 2008.-2009


Құрастырған, жауапты шығарушы: кітапхана библиографы Арыстанова З.Ә.
Тех.редактор: кітапхана әдіскері Жанпейсова Э.С.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет