Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет28/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44

Қанафин Қайролла

Тау-кен инженері. Еңбек ардагері. 1931 жылы 15 қазанда Көкшетау облысы Шортанды ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітіргенсін, Жезқазған мыс комбинатына жіберілді. Еңбек жолын №31-32 шахталарында тау-кен шебері болып бастады. Өздігінен жүретін техника учаскесінің бастығы, №45 шахта бастығы, Оңтүстік және Солтүстік Жезқазған кеніштерінің директоры болды. Бірнеше рет халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаттығына сайланды. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, медальдар және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Малышев Владимир Николаевич (1947-2008)
Еңбек ардагері. 1947 жылы 17 желтоқсанда Ресейдің Шахунья қаласында туған. 1953 жылы Малышевтар отбасы Сарыарқа жеріне қоныстанып, бұл жер В.Николаевичтің нағыз Отанына айналды. Малышев В.Н. қатардағы кеншіден ірі басшыға дейінгі сатылардан өтті. Еңбек жолын Ащысай полиметалл комбинаты Батыс кенішінде бұрғылаушының көмекшілігінен бастады, Шығыс Жезқазған кеніші №51 шахтасында жерасты үңгілеушісі (проходчик), ЖТКМ-да тау-кен шебері, Қонырат кеніші өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, БТКМК партия комитетінің хатшысы, Сәтбаев қалалық әкімшілігінің басшысы, «Қазақмыс» холдингтік компаниясының вице-президенті, БТКМК-ның басқарушысы, «Жезқазғантүстіметалл» АҚ атқарушы директоры қызметтерін атқарды. Инженер Малышетың тікелей араласуы және басқаруымен кенді шикізатты қайта өңдеудің даму технологиясы өндіріске енгізілді, жаңашыл технологиялық процестердің талаптарына сай кен өндіру кәсіпорнын қайта құру жүргізілді. В.Малышевтың еңбек өмірбаянындағы негізгі кезең – оның Сәтбаев қаласының басшысы болуы болды. Ол кеншілер қаласының даму перспективасына үлкен жауапкершілікпен қарады. Малышева басшылық еткен жылдарда заманға сай архитектурасы бар жаңа ықшамаудан салынып, жаңа өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандар пайдалануға берілді, қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге көп көңіл бөлінді. Академик Қ.И.Сәтбаевтың есімін мәңгілік етуде үлкен жұмыс жасады.

Салықов Кәкімбек Салықұлы

Ақын. Қоғам қайраткері. 1932 жылы туған. Мәскеудің түсті металдар мен алтын институтын (1955), Алматы жоғарғы партия мектебін (1973) бітірген. 1955-1991 ж. – ЖТКМК-да әртүрлі қызметтерде болды. Жезқазған қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің экология және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану жөніндегі комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Ұлттық кеңестің Арал мәселесі жөніндегі бас сарапшысы, 1992 жылдан ҚР-сы су шаруашылығы Комитетінің Арал мен Каспий проблемалары бойынша бөлімінің бастығы, 1995 жылдан – Қ.И.Сәтбаев Халықаралық қорының президенті. 1991 жылдан бері Қазақстан Журналистер Одағы басқармасының мүшесі. Алғашқы «Сыр» атты жинағы 1970 жылы жарық көрді. 200 аса танымал әндер сөзінің авторы. А.Пушкин, В.Маяковский, Я.Полонский, Я.Колос т.б. шығармаларын қазақшаға аударған. Өзінің шығармалары орыс, өзбек, қырғыз, қарақалпақ тілдеріне аударылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-10 шақырылымдарының депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі 11-ші шақырылымының депутаты, Қарақалпақ АКСР-ң 10-шы шақырылым депутаты, ҚОКП (КПСС) ХХVІ, ХХVІІ съездерінің делегаты. Ленин, екі «Еңбек Қызыл Ту» және «Достық» ордендерінің иегері.
Шатохин Геннадий Иванович
Еңбек арадагері. 1940 жылы 25 ақпанда Омбы облысы Шербакуль ауданында туған. Омбы ауылшаруашылығы институтын бітіргенсін, Гипромұнай зауытының сантехника бөлімінде инженер-сантехник болып жұмыс істеді. 1964 жылдан Жезқазғанда ЖТКМК Гидроцехының аға инженері, бас инженер, бастығы болып еңбек етті. 1977 жылы халық депутаттары Никольский қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары, ЖТКМК-ң көмекші ауылшаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары (1982-1984), халық депутаттары Жезқазған қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1984-1989), қоршаған ортаны қорғау бас инженерінің орынбасары, халықтық тауарларды тұтыну бірлестігінің бас директоры, «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ-ң көлік жөніндегі директоры, «Корпорация «Казахмыс» АҚ-ң әлеуметтік даму жөніндегі директоры, «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС директорлар кеңесі хатшылығының басқарушысы қызметтерін атқарды. Халық депутаттары Никольский және Жезқазған қалалық Кеңесінің депутаты болды.
Асатов Яхия Жақыпбекұлы

Тау-кен инженері-электромеханик. Еңбек ардагері. 1939 жылы 3 қаңтарда Ұлытау ауданында туған. Ленин атындағы Қазақ мемлекеттік политехникалық институтын бітірген (1966). Жезқазған кенбасқармасының №51-54 шахтасында тау-кен жұмысшысы (1958-1960), механик, учаске бастығы, бас энергетик орынбасары, Оңтүстік Жезқазған кеніші кәсіподақ комитетінің төрағасы (1966-1985), ЖТКМК бас энергетигінің орынбасары, Қазақ КСР түстіметалл Министрлігі «Қазэнерготүстіметалл» басқармасының бастығы, Никольский қаласы СМТ басқарушысы (1985-1991), СЖСҚӨ (СПТВС) директоры, ЖТКМК-ның рудниктік алаңы бойынша бас энергетигінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылдан «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ (ПО) энергетика басқармасы директорының орынбасары. 150 аса рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстар авторы. Халық қалаулылары Сәтбаев қалалық Кеңесінің депутаты (1989-1994). «Еңбек ардагері», «Қажырлы еңбегі үшін» медальдарының иегері. Қазақ КСР түсті металлургия Министрлігінің құрмет грамоталары және төсбелгілерімен марапатталған. Есімі бірнеше рет кеніш және «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ-нің құрмет кітабы мен құрмет тақтасына енгізілді. ҚР-ның еңбегі сіңген энергетигі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет