Жанжігітов Рахымбек
1915 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Он бес жасынан бастап Жезқазған аймағының ашық карьер, кеніштерінде жұмыс істеді.
1968 жылы Р.Жанжігітов «Жезқазған қаласының Құрметті азаматы» деген атаққа ие болды. 1977 жылы кенметаллургия комбинаты өндірістерінде еткен көпжылғы мінсіз еңбегі, кенші мамандарды тәрбиелеуде және қоғамдық жұмыстарға үлкен үлесі үшін Сәтбаев қаласының Құрметті азамат лауазымына ие болды. Соғыс жылдарында жоспарды артығымен орындап қажырлы еңбек етті, көптеген кеншілерді тәрбиелеп шығарды, олардың көбісі әлі де кеніштерде еңбек етуде.
Зейнеткерлікке шыққанға дейін Солтүстік Жезқазған кенішінде еңбек етті.
1991 жылы қайтыс болды.
Құсайынов Әубәкір
1926 жылы Ұлытау ауданы Қарсақбай поселкесінде дүниеге келген. 1946 жылы ФЗО-ны бітіріп электр жөндеуші болып жұмыс істейді. 1949 жылы ауылшаруашылығы мектебін бітірісімен, колхозда зоотехник болды. 1956 жылы забойшы, кейін Оңтүстік кенішінің №44 шахтасында кешенді бригаданың бригадирі болды. Әубәкір Құсайынұлы шахтада өздігінен жүретін жаңа техниканы алғашқылардың бірі болып меңгерді. 1964 жылы Ә.Құсайынов басқаратын бригаданың өздігінен жүретін техникаларды меңгерудегі озық тәжірибесі КСРО Халық Шаруашылығы Жетістіктері (ВДНХ) көрмесінде көрсетіліп, еліміздің басқа да шахталарында кеңінен қолдануға жолдама алды. Тау-кен өндірісіндегі ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Ә.Құсайыновқа «Құрметті кенші» атағы берілді. Даңқты кенші 1966 жылдың 20-шы мамырында Социалистік Еңбек Ері атанды. Қаламыздағы бір көше кенші есімімен аталады. 1979 жылы қайтыс болды.
Зверинцев Тимофей Анатольевич
1909 жылы туған. Жезқазған руднигіне 1926 жылы келді. Қ.Сәтбаевтың ұсынысымен кенбарлау партиясына жұмысқа орналасады. Т.Зверинцев көп жылдар Жезқазған поселкісінде тұрды. Никольский кенбарлау партиясында жұмыс істеді. Зверинцев Т.А. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы туралы естеліктерінде ол кісінің жұмыскерлерге деген қамқорлығының арқасында кенбарлаушылардың бір отбасындай берекелі ұжым боп қалыптасқанын үнемі айтып жүрді. Т.Зверинцев Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.
Достарыңызбен бөлісу: |