Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет5/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Омаров Ғазиз Омарұлы
1925 жылы Ұлытау ауданының Жыланды елді мекенінде туған. 1942 жылы мектеп бітірісімен екі жылдай №31-32 шахтасында нормалаушы боп жұмыс істеді. 1944-1949 жылдарды Қазақ Мемлекеттік тау-кен институтында оқыды. Жолдамамен Жезқазған кенбасқармасына келіп, ауысым бастығы, шахтаның бас маманы, Оңтүстік Жезқазған кеніші директоры қызметтерін атқарды. 1956-1960 жылдар аралығында кенбасқармасының партия ұйымдастырушысы, 1960-1962 ж. – шахтақұрылыс басқармасының бастығы, 1962-1965 ж. – кенбасқармасының директоры болды. 1966 жылы Республика Министрлер Кеңесінің ұйғарымымен жаңадан құрылған шахтопроходка тресінің басқарушысы болып тағайындалып, бұл міндетті 21 жыл зейнеткерлікке шыққанша атқарды. Ғ.Омаров бұдан кейін де қоғамдық жұмыстарда істеді, облыстық экология комитетінде жұмыс жасады. 1995-2002 ж. – «Қазақмыс» Корпорациясы президентінің тау-кен жұмыстары жөніндегі кеңесшісі болды. Ғ.Омаров КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңген кеншісі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. 1981 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның қаулысымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Екі рет Ленин орденімен, «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь революциясы», «Құрмет» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 2002 жылы қайтыс болды.
Резников Иван Васильевич
1912 жылы Өзбекстанда туған. Орта білім алғаннан кейін, еңбек жолын Жезқазған кеніші шахталарында жұмысшы болып бастады. 1937-1938 ж – комсомол ұйымы хатшысы, 1942-1946 ж. – комбинаттың Шығыс бөлімі бастығы, 1946-1952ж. – Покро шахтасының маркшейдерді, 1952-1956ж. Жезқазған кенбасқармасының партия ұйымдастырушысы, 1957-1970ж. – кенбасқармасы директорының орынбасары, 1970-1979ж – Жезқазған шахтопроходка тресі кадрлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 10 рет жергілікті халық депуттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Еңбек Қазал Ту» ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Штифанов Василий Иванович
1910 жылы Алтай өлкесі Рубцовск ауданындағы Половинкино селосында туған. 1937 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген соң Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясының қарамағына жұмысқа келді. Ол Жезқазғанда 50 жылдан астам еңбек етті. Қ.И.Сәтбаевтың серігі әрі ізбасары бола білді. Ол мыс кені орындарын барлау партиясының бастығы қызметін атқарды. Қазақ КСР-ң құрметті геолог-барлаушысы. 1967 жылы Социалистік Еңбек Ері жоғарғы атағына ие болды.

Штифанов В.И. 2002 жылы қайтыс болды.


Жомартбаева Хакима Тайырқызы
1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келді. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1949 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтын бітіргенсін, еңбек жолын Жезқазған поселкісіндегі №7 қазақ орта мектебінде мұғалімдіктен бастап, одан соң көп жылдар осы мектептің директоры болды.1974-1978 жылдарда Сәтбаев қаласындағы №1 мектеп ұжымын басқарды. 1978-1983ж.-облыстық мұғалімдердің білім жетілдіру институтының директоры болды. Х.Т.Жомартбаева Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Халық қалаулысы болып, депутаттық міндетті де атқарды. 2004 жылы қайтыс болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет