Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет11/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44

Мамахов Әбікен (1910-1994)
Соғыс және еңбек ардагері. Еңбек жолын Жосалы жолында жүргізушінің көмекшісі болып бастады, жүргізуші, механик болды. 1940 жылы Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты гаражының бастығы боп тағайындалды. 1942 жылы әскерге шақырылып, майданға аттанды. 2-ші Украина майданының құрамында жаумен шайқасты. 1953 жылы Солтүстік Жезқазған кенішіндегі көлік учаскесінің бастығы болып тағайындалды. 1966 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ-нің (НПО) жалпызауыттық механизмдер цехының директоры болды. Бірнеше рет поселкелік және қалалық Кеңес депутаты болып сайланды. Бірқатар орден, медальдердың иегері.
Янкова Тамара Михайловна
Жоғарғы санатты дәрігер. Еңбек ардагері. ҚР-нің еңбек сіңірген дәрігері. Облыс деңгейіндегі дербес зейнеткер. 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. 1960 жылы Қарағанды медициналық институтын бітірген. Жолдамамен Никольскийге келіп №1 қалалық аурухананың акушер-гинекологы болып орналасты. Т.Янкованың Сәтбаев қаласы денсаулық ісіне қосқан үлесі зор. №1 қалалық аурухана бас дәрігері, Жезқазған облыстық медицина қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория дәрігері қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта №1 орталық ауруханасының перзентханасында акушер-гинеколог. Бірнеше рет қалалық Кеңестің депутаттығына сайланды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Вахрушев Виталий Васильевич

Тау-кен инженері. Еңбек ардагері. 1932 жылы 11 шілдеде туған. 1953 жылы Алдан тау-кен техникумын, 1958 жылы Свердлов тау-кен институтын бітірген. Жолдамамен Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатына, содан соң Жезқазған кенбасқармасына жіберілді. Златоуст-Беловский карьерінің тау-кен шебері, учаске бастығы, бас инженер, комбинат кен бөлімі бастығының орынбасары, Солтүстік Жезқазған кенішінің бас инженері және директоры, 1973-1977 ж. – Қарағайлы кен байыту комбинатының директоры, Шығыс Қазақстан мысхимиялық комбинаты директорының тау-кен жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1981 жылдың шілдесінде Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатының кен бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1982 жылы Солтүстік Жезқазған кенішінің директоры болды. Қазақстан компартиясы ХІҮ съезінің делегаты.

Дәрібаев Бәрменше

Құрылысшы. Еңбек ардагері. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. 1941 жылы 10 наурызда туған. 1958 жылы жетіжылдық мектепті бітіргенсін еңбек жолын арқаушы (арматурщик) болып бастап, содан соң «Казмедьстрой» құрылыс басқармасы кешенді бригадасының бригадирі болды. 1986 жылдан «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ (НПО) жөндеу-құрылыс басқармасы кешенді бригадасының бригадирі болып еңбек етті. Өнеркәсіптің маңызды нысандарының құрылысында жұмыс жасады: мыс қорыту зауыты, №2 байыту фабрикасы, №45, 55, 57, 65, 67 шахталар. Бірнеше рет облыстық және қалалық Кеңестердің депутаты болды. Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен және «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет