Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет42/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Тұрлыбек Алаш Мырқалұлы
Еңбек ардагері. 1942 жылы 6 шілдеде Талдықорған облысында туған. Еңбек жолын 1964 жылы Қарағанды құрылыс техникумын бітіріп, «Қазмысқұрылыс» тресі үйқұрылыс комбинатында бастады. А.Мырқалұлы механиктен үйқұрылыс комбинаты директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. Оның тікелей араласуымен 97 ленинградтық жобадағы тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді. ҮҚК (ДСК) партия комитетінің хатшылығына сайланды, қалалық мәслихаттың 1-ші шақырылымы депутаты, 1996-1997 жылдары қалалық мәслихат хатшысы міндетін атқарды. 2006 жылдан құрметті демалыста. Жеке меншік кәсіпкер. Қалалық мәслихат құрмет грамотасымен марапатталған.
Цой Владимир Леонидович
Техник. Педагог. Заңгер. ҚР-сы білім беру ісінің үздігі. 1952 жылы 20 тамызда Балқаш қаласында туған. Жезқазған тау-кен техникумын (1971), Жезқазған педагогикалық институтын (1984), ОАУ (ЦАУ) 2001 бітірген. Кеңс Армиясы қатарында әскери борышын өтеп келгесін, 27-ші әскерилендірілген тау-кен құтқару отрядында жұмыс істеді. 1974-1990ж.- Сәтбаев қаласы №1 кәсіби-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, аға шебер, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары болды. Жезқазған тау-кен колледжі директоры (1990-1997ж.) болды. 1997 ж. бастап Жезқазған политехникалық колледж директоры. Қалалық мәслихаттың үш шақырылымы депутаты. ҚР-сы білім және ғылым Министрлігінің, Қарағанды облыстық білім департаментінің, Сәтбаев қаласы әкімінің, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Әбікенова Дина Нәбиқызы
Жоғары санатты дәрігер-педиатр. 1953ж. 17 қарашада Қарсақпай поселкесінде туған. Қарағанды мединститутын бітірген. Еңбек жолын 1977ж. №1 Сәтбаев қалалық ауруханасында дәрігер педиатр болып бастады, 1978-1981ж.- Жезқазған аудандық ауруханасында педиатр дәрігер болды. 1981ж. №1 қалалық емхананың балалар соматикалық бөлімінде дәрігер-ординатор, сосын балалар бөлімі меңгерушісі болып еңбек етті. Бірнеше рет облыстық, қалалық денсаулық сақтау бөлімдерінің, Сәтбаев қаласы әкімінің, қалалық мәслихат грамоталарымен марапатталған.
Дарданбаев Қайыртай Матанұлы
Тау-кен инженер-макршейдері. 1948 жылы 28 маусымда Жаңарқа ауданы Атасу поселкесінде туған. Қарағанды политехникалық институтын (1972), Алматы жоғарғы партия мектебін (1986) бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы орта мектеп бітіргенсін, Атасу кенбасқармасы автокөлік цехында майлаушы болып бастады. Учаскелік маркшейдер, Атасу кенбасқармасында «Батыс Қаражал» карьерінің тау-кен учаскесі бастығының орынбасары (1972-1978), өнеркәсіп-көліктік бөлім меңгерушісі, халық депутаттары Қаражал қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары (1978-1984), Сәтбаев қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы, халық депутаттары қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1985-1991), Қарағанды облыстық әкімшілік аппаратының бас маманы (1991-1994), республикалық «Полиграфия» ӨБ-нің Қарағандыдағы бас директоры республикалық «Полиграфия» ӨБ-нің Ақмоладағы бас директоры (1994-1999) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС-нің Қарағанды құю зауыты директорының орынбасары. Қазақстан Компартиясы ХҮІІ съезінің делегаты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет