Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет41/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Логвиненко Галина Яковлевна
Жоғарғы санатты дәрігер. КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1951 жылы 18 ақпанда Қырғыз КСР Сонолук ауданында туған. 1974 жылы Қарағанды медицина институтын бітіргенсін Жезқазған облыстық ауруханасына жіберілді. Учаскелік терапевт, терапевтік бөлім ординаторы, 1982 жылдан облыстық аурухана терапевтік бөлімінің меңгерушісі болды. 1986 жылдан «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС медициналық-санитарлық бөлімінің емдеу ісі жөніндегі бас дәрігер орынбасары.
Мәдиев Қайыржан Рахымжанұлы
ҚР-ның еңбегі сіңген қызметкері. 1936 жылы 10 қазанда Ресей Федерациясы Омбы облысының Каскат ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітіріп, Көкшетау облысы Щучинск қаласында қазақ орта мектебінде (1958-1961), техникумда оқтушы, Петропавловск қаласында институтта (1961-1973) жұмы істеді. 1973-1988ж. – 1-ші хатшы көмекшісі, ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Жезқазған облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімі меңгерушісі болды. 1988-1997ж. – Жезқазған облыстық Білім Департаментін басқарды.Қ.Рахымжанұлы Сәтбаев қаласы білім беру ісінің дамуына үлкен үлесін қосты, облыста алғашқы отбасылық типтегі балалар үйінің, жаңашыл мектптер, №4 Абай атындағы мектеп-лицей, С.Сефуллин атындағы гимназияның ашылуының бастауында тұрды.
Тұрғынбаев Мақұлбек Мырзағұлұлы
Жоғарғы санатты дәрігер. 1954 жылы 19 қаңтарда Шымкент облысы Ленгір ауданы Қаратөбе ауылында туған. Қарағанды медицина институтын (1977) бітіргенсін Жезқазған облысына жіберілді. Еңбек жолын Жезқазған облыстық ауруханасы жансақтау (реанимация) бөлімінің дәрігері болып бастады. 1987 жылдан Сәтбае қаласы медициналық-санитарлық бөлімінің ординаторы, 2000 жылдан бастап анестезиология, жансақтау, интенсивті терапия бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды.

Уәлина Кеніш Уәлиқызы
ҚР-сы білім беру ісінің үздігі. Еңбек ардагері. 1947 жылы 1 мамырда Ұлытау ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін (1972) бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы Ұлытау ауданы Алғабас совхозында есепші болып бастады. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, Жезді поселкесінде орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі болып еңбек етті. 1980 жылдан бастап М.Әуезов атындағы №14 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. К.Уәлиқызының бастамасымен 1997 жылы қалада алғашқы болып мектептік М.Әуезов мұражайы ашылды. «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Тілеуов Мүсен Нақыпбекұлы


Кенші. Ақын. 1948 жылы 1 суәірде Ұлытау ауданы Шеңбер совхозында туған. 1965 жылы мектеп бітіргенсін аға шопан болып еңбек етті. Целиноград автокөлік техникумын бітірген. Кеңес Армиясы қатарындағы әскери қызметін өтегенсін, Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде жұмыс істеді. 1979 жылдан «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ жүйесінде еңбек етуде. Суретші, бөлім бастығының орынбасары, Батыс Жезқазған кеніші еспке алу бюросының бастығы, тұрғын-үй коммуналдық басқармасы бастығы, толтырым (закладочный) кешені бастығының орынбасары, тәртіп қызметі бастығы, Оңтүстік Жезқазған кеніші кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. «Үркер» (1994), «Думаным ұласып ғасырға» (2000) жыр жинақтарының авторы. Облыстық Б.Бұлқышев атындағы жыр сайыстарының (1989, 1990), «Мүшайра» (1993) лауреаты. Оңтүстік Жезқазған кеніші «НұрОтан» ХДП-сы бастауыш ұйымы төрағасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет