•
14 билет
Ру, рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден
немесе бір шешеден тараған туыстар тобы. Ежелгі рулар туралы нақтылы деректер Інжілде,
гректердің, римдіктердің, галдардың, германдықтардың көне әдебиеттерінде сақталған. Рудың өз
алдына таңбасы да, ұраны да болған және ол Азияның, Африканың, Мұхиттық аралдардың артта
қалған халықтарында сақталып қалған.
Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы
үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.Жүздің тарихы Шыңғысхан ұлыстарымен тікелей
байланысты.
•
Ресей империясы қазақ балаларын....
Мен бұл пікірмен келіспеймін.Ресей империясының көздегені орындалмады. Патша өкіметі қазақ
жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз
мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты.
Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. Аталмыш
кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек «Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін»
ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды.
Патша өкіметінің «жымысқы» саясатының нәтижесінде ашылған «орыс-қазақ» мектептерінде оқыған
қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында
саяси аренаға шыға бастады. Орыс мектептерінде оқып, орыс қалаларында жоғарғы білім алғанымен
олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және ұлттық тәлім-
тәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді.Мысалы: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан
Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов,
Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед
Сұлтанғазин және Алаш орда қатысушылары бұған тамаша үлгі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |