Сәттілік!!! 1-билет доктрина



Pdf көрінісі
бет26/49
Дата16.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#168961
түріНұсқаулар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
17 билет
РЕПАТРИАЦИЯ— түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына қайтару. 
Әскери тұтқындар жайы туралы Женева конвенциясына (1949) сәйкес соғысушы мемлекеттер әскери 
қимыл кезінде шені мен санына қарамастан ауыр науқас не ауыр жаралы әскери тұтқындарды жол 
жүруге жарайтын жағдайға жеткізіп барып отанына қайтаруға міндетті. Қазақстан Республикасының 
Көші-қон-құқықтық саясатының негізгі бағыты репатриация болып табылады. 
ДЕПОРТАЦИЯ-адамды немесе адамдардың тобын басқа мемлекетке немесе басқа жерге мәжбүрлеп 
қуғындау.Соғыс 
жылдарында 
қалмақтар,қарашайлар,ингуштар,шешендер,балқарлар,қырым 
татарлары,месхет түріктері депортацияға ұшырады.Дәл осындай жағдайға неміс автономиясы мен 
поляктар ұшырады.1945 ж қазан айындағы мәлімет бойынша депортацияланған адам саны 
2млн464мыңға жетті 
2)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (XVIII ғасырдың аяғы – 
XIX ғасырдың бірінші жартысы). 
Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси 
жағдайды шиеленістіріп жіберді.Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, 
батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ 
жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-


азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы 
болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына 
шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды.Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, 
Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда 
халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына 
әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады.Бірінші 
кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 
1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз 
айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай 
мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап 
көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің 
маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.1837-1847 
жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.). 
Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген 
өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды 
тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-
азаттық сипат алды.Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би, 
старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына 
келтірді. Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет