Сезімтал организм



бет3/17
Дата18.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#181360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
рк ауызша
Күміс алқа, Аналитика сессия, mikro 540
14."Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын субъект" ұғымын түсіндіріңіз. 
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект – осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлға. 
15."Химиопрофилактика" ұғымын түсіндіріңіз. 
Химиялық профилактика – адамға, жануарға инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың алдын алу үшін химиялық препараттарды тағайындау. 
16."Ықтимал қауіпті биологиялық объект" ұғымын түсіндіріңіз. 
Ықтимал қауіпті биологиялық объект – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын жылжымайтын (стационарлық) немесе орналастырылатын мобильді объект. 
17. № 122 Заңның қолдану аясын сипаттаңыз. Биоқауіпсіздік тапсырмаларын/задачи тізімдеңіз. 
Осы Заң биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 
18. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін атаңыз. 
Биологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттардың негізінде қамтамасыз етіледі: 
1) патогенді биологиялық агенттермен тек қана әскери емес мақсаттарда жұмыс істеу: бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және (немесе) оның қорларын жинақтау, пайдалану мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге тыйым салынады; 
2) биологиялық қатерлерді алдын ала тану: мемлекеттік органдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы өкілеттіктерді іске асыру кезінде биологиялық қатерлер профилактикасының қажеттілігін басым тәртіппен басшылыққа алуға, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг деректері негізінде биологиялық қатерлерді талдауға және болжауға тиіс;
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді бақылауда ұстау: патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады, оларды сақтау биологиялық тәуекелдерді басқару, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібін қолдану, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу), биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде қамтамасыз етіледі; 
4) мемлекеттік реттеу шараларының мөлшерлес болуы:биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактика шаралары биологиялық факторлардың қауіптілік дәрежесіне, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы өлшемшарттар мен сыныптамаға сәйкес мөлшерлес болуға тиіс; 
5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің басымдығы: халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіре алатын немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінен айыруға алып келетін міндеттемелерді қабылдауға жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет