Сезімтал организм



бет5/17
Дата18.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#181360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
рк ауызша

20.Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу процесін сипаттаңыз. 
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы негізгі проблемалар мен қатерлер, стратегиялық мақсаттар, негізгі бағыттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер және нәтижелердің көрсеткіштері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында айқындалады. 
2. Биологиялық қауіпсіздік саласында жедел ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және үйлестірілген шараларды қабылдау биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. 
3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу: 
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; 
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің рұқсат беру тәртібін енгізу
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу; 
4) биологиялық тәуекелдерді басқару; 
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу) арқылы жүзеге асырылады. 
21.Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ведомствоаралық үйлестіру процесін сипаттаңыз. 
1. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар, ұйымдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеу мен іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге міндетті. 
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда күзетілетін адамдардың және объектілердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады. 
3. Терроризмге және экстремизмге қарсы, оның ішінде патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады. 
4. Ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған төтенше жағдайлар кезінде басшылықты және салааралық үйлестіруді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды іске асыруды, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін жаһандық, өңірлік және жергілікті ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарлары биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың іс-қимылдарының, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың алгоритмдерін көздейтін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ден қою хаттамаларын да (сценарийлерін) қамтуға тиіс. 
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы ден қою хаттамаларын (сценарийлерін) іске асыру арқылы жәрдем көрсетеді. 
5. Соғыс жағдайы режимі жағдайларында және Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мен қорғанысы шеңберінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет