Бекітемін: Күні: 15. 09. 2016ж



Дата27.12.2016
өлшемі93,75 Kb.
#6087
Бекітемін:

Күні: 15.09.2016ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адастырар жол-діни экстремизм»
Мақсаты: Оқушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Жастарға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.

Міндеті: Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, құрметтей білуге үйрету.

Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі: Жастарды алдына мақсат қоя білуге, сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге, қорғай білуге үйрету.

Тәрбиелік шараның міндеті: Оқушыларды қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға, адал білім алып, еңбек етуге тәрбиелеу.

Түрі: Әңгіме, баяндама.

Әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Әдеби, діни кітаптар, жинақтар, фото суреттер.
Шараның өту барысы:

  1. Діни ұғымдарға түсініктеме.

  2. Экстремистік ағымдардың түрлері.

А) «Бахаи»

Ә) «Иегова куәгерлері»

Б) «Кришнаны тану қоғамы»

В) «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық ағым

Г) «Ата жолы»

3. Жастар арасындағы уаххабизм.

4. Діни басылымдарға шолу.

5. Қорытынды.


Бүгін біз қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдар туралы әңгіме қозғамақпыз. Жас арудың жүзін жауып, бозбаланың оғаш қылық көрсетудегі мақсаты не? Жас жеткіншектерді ондай істерге итермелейтін қандай күш?

Бүгінгі таңда Аллаға серік қосып, өз дінімізден тайдырып жүрген секталар сонау ІІІ ғасырдан бері жайғасыпты.



1. «Бахаи» – Ирак пен Иранда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған, заманауи космополитикалық дін. Бахаизм ілімі мұсылмандық баббиттер тайпасының негізінде пайда болған. Іс жүзінде ислам мен бахаизм арасындағы алшақтықтың көп екендігі соншалық, «Бахаи» өз қауымдастығын жеке-дара ілім, әлемдегі ең ақиқи дін ретінде санайды. Барлық дәстүрлі емес культтер сияқты, «Бахаиге» де Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуге ұмтылыс сипаты тән. Сектаның символы тоғыз көрнекті діни ұйымды біріктіретін, тоғыз шолақты жұлдыз бейнеленген логотип болып табылады. 2008 жылдың 1 қаңтарына елімізде «Бахаи» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркелген. Оған құлшылық етушілердің саны шамамен Қазақстан бойынша 600 діндарды құрайды.


2. «Иегова куәгерлері» – 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. «Иегова куәгерлері» – протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті христиандықтың символы ретінде жоққа шығарады. Аталған конфессия Христі Құдай ретінде санамайды, оны Құдайдың ұлы деп таниды. Куәгерлер құдайдың дұрыс аты – Иегова, ол өзін осылай атаған деп, сол себепті оның ізбасарлары Құдай ретінде соған құлшылық етеді. Куәгерлердің айтуы бойынша, адам мәңгілік өмірге «Иегова куәгерлері» қауымдастығына кіру арқылы ғана ие болады.

3. «Кришнаны тану қоғамы» да дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына жатады. Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад – Бхагаватам» болып табылады. Ұйымда рухани өмірдің төрт кезеңі айқындалады: шәкірттік, отбасылық өмір, отбасылық өмірден тысқары, жарық дүниеден толықтай қол үзу. Бұл кезеңдер діндарлардың құлқына деген талаптарды айқындайды. Ерлі-зайыпты жұптар қызметшілер-тәлімгерлер тарапынан іріктеледі. Тәлімгерлер діндарлар монахтық өмірге қабілетті емес деп шешкенде ғана, некеге тұруына болады. Діндарлар ұдайы Кришна құдайының атын қосып храмдарда – ашрамдарда өтетін жиында құдайға құлшылық жасау керек. Құдайға құлшылық етудің ажырамас бөлігі прасадты (вегетариандық тұрғыда әзірленген тағам, алтарьдің қасына қоюға арналған) жеу болып табылады. Культтік дәстүрлер Қасиетті есімдерді Кришна – санкританды таңертеңгілік және кешкі бірге шырқаудан тұрады.

4. «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Емдеу курсы Фархат атаның энергиясына қосылу арқылы басталады. Яғни, «Өмір формуласы» – «Алля Нина Ана Жаратушы Фархад ата, алля аят 37406810, алля Лязат Селеной, алля уйгур аят алля», мұнда «алля» – сәби (ұйғырша), «Селенная» – өмірге бастайды, сақтандырады, «Фархат ата» – Абдуллаевтың өзі, «Нина ана» – Фархаттың әйелі. Цифрлары: «37» – Фархаттың туған жылы, «40» – әйелінің туған жылы, олардың «6» баласы, отбасында – «8» адам, «10» – Жаратушының күші, «1» – оның өзі, «0» – күн.

5. «Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол») «Ақ жол» ұйым ретінде өзінің қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы – Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жол» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар. Аталған ұйымның негізгі мақсаты белгілі бір сомаға қарапайым адамнан әулие жасау болып табылады. Емдеу курсына Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулиелі-әмбиелі жерлерді аралап, бабалардың аруағымен сөйлесу кіреді. Адамға әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін және оның адамдарды емдеуге мүмкіндігі бар екендігін сендіріп бағады. Егерде ол аруақтардың айтқанына құлақ аспаса, ол бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін дегенді санасына сіңіреді. Елдің құқық қорғау органдары «Ата жолы» «Алля Аят» ағымы сияқты ізбасарлардың міндетті қаржылық қорынан құралатындығын айқындады. Қаржыландыру принциптері «қаржылық пирамидаларға ұқсас», өйткені ағымның әрбір мүшесі құрылымның деңгейін әрі қарай арттыру үшін өзімен бірге жаңа ізбасарларды тартуы тиіс.




Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті.

Ендеше, балалар, біздің дінімізге жат, оғаш қылықтардан аулақ болайық. Қазақта «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген аталы сөз бар. «Сен мұсылман емессің, мұсылман болсаң дәлелде. Намаз оқы, мойны ашық киім киме. Қыздарға тырнақ өсірме, ерніңе далап жақпа, жүзіңді ашық ұстама. Ер балаларға таспиық сана, шалбарыңды шұлғауыңа ора» - деп ақыл айтатындардан алыс жүрейік.



Осымен, өз дінімізді биіктетіп, өзге діннің жетегіне еруіміз әркімнің өз жігеріне, ақыл – санасына, адамгершілігіне байланысты. Тек «Сақтансаң, Құдай сақтар» дегенді естен шығармайық!

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет