Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ақпараты



Дата06.09.2022
өлшемі19,74 Kb.
#148845
Байланысты:
Жастармен жұмыс жөніндегі ақпарат Дін АТК
ақпарат

Жастармен жұмыс жөніндегі


ресурстық орталығының ақпараты

Жастар арасында деструктивті діни ағымдардан сақтану бойынша жүргізілген түсінік жұмыстар туралы
Бүгінгі таңда Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында 3 теолог маман қызмет атқаруда. Жұмыстар екі бағытта – профилактикалық және жеке кездесулер арқылы жүргізілуде.
Жыл басынан қалалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерімен онлайн және оффлайн шаралар оздырылуда. Атап айтсақ, @dini_tanym және @oraljastary инстаграм парақшаларында тікелей эфирлер өтуде. Бүгінгі күнге дейін 6000 қаралым жинаған 40-тан астам тікелей эфир әр түрлі тақырыпта және де орталық теологтарының арнайы дайындаған 4000 қаралым жинаған «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Тарту-татулықтың белгісі», «Адамның бақытты болуына не кедергі» т.б ақпараттық бейнероликтер сериясы жарияланды.
Орталықтың теолог мамандарының ұйымдастырумен онлайн және оффлайн форматта студенттер мен мектеп оқушылары арасында 20-дан астам кездесу өткізіп ақпараттық парақтар таратты. Соның ішінде теолог мамандарының қатысумен «Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы» тақырыбы аясында № 40 ЖОББМ 9-сынып оқушыларымен, «Ислам діндегі жат ағымдар тақырыбы аясында № 45 ЖОБММ - № 46 ЖОБММ 9-10-11сынып оқушылармен, «Қыздар сұлу көрінер қылығымен тақырыбы аясында» №10 ЖОББМ сынып оқушыларымен кездесулер өткізілуде.
Жыл басынан бері түрлі бағытта 40 астам іс-шаралар өткізіліп, 3000 – нан астам адам қамтылды. Соның ішінде «Жастарға кеңес», «Болашағың өз қолыңда», «SOFT SKILLS», «Жетістік жолы» жобалары жүзеге асырылуда. «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының волонтерлары Рамазан айында «30 игі іс» акциясы аясымен 30 күн бойы 30 мұқтаж отбасына ауызашар мен азық-түлік себеттерін таратты. Сонымен қатар «Ұлттық ойын-асыл қазына» тақырыбында ұлттық спорт түрлерінен және «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбында әйел жамағатының арасында волейбол жарыстары өткізілді. «Жусан» операциясымен елге оралған әйелдерді кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында «Soft skills» семинар тренингі және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаламыздағы діни орталықтарының шәкірттері және жамағат арасында пікірсайыс оздырылды және т.б. іс шаралар жүзеге асырылады.
Аталған шаралар жастардың бойында патриоттық, салт-дәстүрді құрметтеу және жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастырумен өзінің оң нәтижесін беруде.
Кездесудің негізгі мақсаты адамдарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету және азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, тәрбиелеу.
Алдағы уақытта жоспарға сәйкес ЖОО және арнаулы орта студенттерімен мектеп оқушылары арасында теолог мамандардың ұйымдастырумен кездесулер өткізу жоспарлануда.



Шара атауы

Өтетін уақыты

Жауапты адамдар

1

«Жусан» операциясымен елге оралған әйелдерді кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында «Soft skills» семинар тренингі

қыркүйек

А.Тулепкалиева
А.Қуатова

2

«Жастарға кеңес» «Болашағың өз қолыңда» жобалары аясында жастарға кеңес беру

жыл бойы

А.Наурызов
А.Раманкулов
А.Қуатова



3

ЖОО мен колледждердің студентерімен «Жат ағымннан сақ болайық» тақырыбында кездесулер ұйымдастыру

жыл бойы

А.Наурызов
А.Раманкулов
А.Қуатова



4

Мешіт шәкірттері мен жамағат арасында пікірсайыс ойыны

қазан

А.Наурызов
А.Раманкулов

5

Әйел жамағаты арасында спорттық ойындар өткізу

қазан

А.Тулепкалиева
А.Қуатова


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет