8."Көмекші персонал" ұғымын түсіндіріңіз.
Көмекші персонал – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде қосалқы функцияны орындайтын жұмыскерлері.
9."Қауіпті биологиялық фактор" ұғымын түсіндіріңіз.
Қауіпті биологиялық фактор – патогенді биологиялық агенттердің және оларды қамтитын объектілердің, тасымалдаушылар мен жұқтырғыштардың адамдардың, жануарлардың саулығына, өсімдіктерге теріс әсер ету, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне түсу тәуекелдерін арттыруға алып келетін оқиға, жағдай, қасиет және (немесе) процесс.
10."Микроорганизм штаммы" ұғымын түсіндіріңіз.
Микроорганизм штаммы – белгілі бір биологиялық қасиеттері бар микроорганизм түрінің біртекті өсіндісі.
11."Патогендік биологиялық агент" ұғымын түсіндіріңіз.
Патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар.
12."Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу" түсінігін түсіндіріңіз.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары).
13."Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын маман" ұғымын түсіндіріңіз.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман (бұдан әрі – маман) – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |