Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет170/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН
ӘДЕТТЕР
Б і з өзімізді қаншалықты құдіретті сезінсек те, түптің 
түбінде қартайып, кішірейіп, топыраққа айналатын орга- 
никалық ағза ғанамыз. Мэңгілік өмірдің құпиясын ешкім 
тапқан жоқ, оның керегі де шамалы сияқты. Біз басқа пла- 
нетаға ұшып, әлемді жаулауымыз мүмкін, бірақ өте нэзік 
болып жаратылған ағзамызға тэуелдіміз. Сондықтан оны 
күтіп ұстау сүннет.
Мүхтар Мағауин 
“Мен” деген романында өзінің ба- 
сынан өткен бір жайды жазады. Кітапханалардан шықпай 
ізденіп жүрген кезінде ол дұрыс тамақтанбайды, кітап- 
ханада қонатын кездері де болған. Ақырында асқазаны 
ауырады. Сонда жазушы өзінің миссиясына қандай қауіп 
төнгенін түсінеді. Ол алдына үлкен мақсат қойып ізденіп 
жүрген жас ғалым. Бірақ егер денсаулығын қүртып алатын 
болса, стресске тап болады. Назары мақсаттан ауытқиды. 
Бұл оның миссиясына төнген қауіп еді. Содан бастап ол 
өзін емдей бастайды. Күнде таңертең аш қарынға бір қа- 
сық бал жейді. Тамақтануын түзейді. Физикалық жаттығу- 
ларға да көңіл бөле бастайды. Солай, асқазанын емдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет