Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет166/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма

ЕКІНШІ БОЛМА
сервис” деп баға беріп кетті. Бірақ осы семинардан да біз 
әлі өсе алатынымызды түсініп қайттық. Қысқасы, керекті 
адамдармен танысып, олардан дэріс алу, үйрену, өсемін де­
ген адамның міндеті.
Соңғы кезде маған түрлі сұрақтармен келетін адамдар 
көбейіп кетті. Және байқағаным, біз жоғарыда айтқан ере- 
желерді ғана емес, ең қарапайым дүниелерді ескермейді 
екенбіз.
КЕЗДЕСЕТІН АДАМ Ы Ң ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ІЗДЕ. 
Әсіресе, 
ол саған “керек” болса. Google-дан ізде, Facebook, Twitter, 
Instagram, “ВКонтакте” желісін ақтар, таныстарыңнан 
сұра. Қысқасы, оның немен айналысатынынан хабарлар 
бол. Ақпаратты басқарған адам, ситуацияны да басқарады. 
Сөйлесетінің кэсіпкер болса, оның өнімінің (тауарының) 
дэмін татып көр. Маған іскерлік қарым-қатынас ұсынып, 
ешқашан “Rumi’’-де болмадым деген адаммен сөйлессем, 
өзімді қолайсыз сезінемін. Әдетте алдымен біздің мейрам- 
ханаға барып көруін сүраймын, содан кейін ғана кездесуге 
келемін. Сонда немен айналысатыныңды түсіндіріп уақыт 
шығын д амайсың.
Егер іскерлік қатынас орнатқың келсе, оның айналасын 
зертте. Ортақ жоба бастағалы тұрған адамның айналасына 
назар аудар: оны қоршаған адамдар қалай киінеді, қандай 
көлік мінеді, не ішеді, қанша уақыттан бері жанында... 
2011 жылы бір кәсіпкер бірлесіп жұмыс істеуді үсынды. 
Естуімше, сол кезде оның есепшоты 19 млн доллар шама- 
сында еді. Бірақ, қасындағы орынбасарына қарап, олардың 
осыншама табыс табатынына сенбейсің. Оң қолы болып та- 
былатын, компанияға жылына 800 мың доллар шамасында 
табыс тауып беретін қызметкері 75 мың теңгеге пәтер жал- 
дап тұратын, автокөлігі арзан, киімі мен стилі де атқарып
209


жүрген қызметіне сәйкес келмейтін. Сол кезде түйгенім, 
басқа біреуді жарылқамаған адам, ол сізді де жарылқамай- 
ды. Сондықтан да біреумен жұмыс істемес бұрын, оның 
басқаларға деген қарым-қатынасына назар аудар.
Таразда жүрген кезде, бір кісі мал шаруашылығымен 
айналысуды ұсынды, оны әкем қолдап, ет сатумен табыс 
табуды жөн көрді. Бұны қайдан көрдіңіз, идея қайдан келді 
деп сұрағанымда, әкем мені сол танысына апарды. Барсам, 
үйі зэулім сарайдай, мінген автокөлігі үлкен, сол кезде, бүл 
кәсіптің жақсы пайда әкелетінін түсіндім.
Бір кісі жақында ған Өзбекстаннан жеміс-жидектер 
әкеліп, оларды өткізумен айналысайық деп ұсыныс жа- 
саған. Бірақ өзінің түр-сипатына қарап, оның сондай жұ- 
мысты алып кете алатына, жетістікке жеткізетініне сенбей- 
сің. Бүндағы жеткізейін деген негізгі идеям - адамның өзі 
жақсы болмай, ол өзгенің жақсы болуына көмектеспейді. 
Өзін жарылқамаған адам, басқаны да жарылқамайды. Сон- 
дықтан да, кез келген жұмысты бастамас бүрын, адамның 
өзіне жэне оны қоршаған адамдарға үлкен назар аудар, бұл 
өте қажетті лайфхак деп есептеймін. Бүны Олег Тиньков 
та эрдайым айтып жүреді. Сондықтан, мен де өзімнің осы 
бақылауыммен бөліскенді жөн көрдім.
Егер кісіге қатысты ұзақмерзімді жоспарың болса, түсін- 
беушілікке жол берме. Бірде менің танысым “Rumi’’-ден ас 
ішті. Мәзірден тапсырыс беріп, өзі санап та қойыпты. Бірақ 
10% кызметақысын қоспаған. Акырында өзі күткеннен 9 
мың теңгеге көбірек төлеп қойды. Сөйтіп, ашуланды. Мен 
оған біздегі жағдайды түсіндірдім, ол Түркияда процент- 
тер болмайтынын, “Rumi” элі Кеңес Одағында жүргенін 
айтып біраз тулады. Ақырында ақшасын қайтарып бердік. 
Кейін сол адам маған келіп жұмыс істегісі келгенін айтты. 
Қалай ойлайсың, біз оның ұсынысын қабылдадық па?
210




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет