ЕК1НШ1 БОЛМА
ал да жаса, яғни күрес. Бір-екі рет ұрынғаннан кейін имму
нитет пайда бола бастайды, сенімділік артады.
Бір күні үлкен ғүлама кісі тыныш жерде ойланғысы келіп,
көлдің жағасында отырған екен. Жанына бір ит келіп, су
ішпекші болады. Суға жақындайды да, үркіп артқа қаша-
ды. Бірнеше рет суға келеді, қайтадан шегінеді. Бір кезде
шыдай алмай, шөлдегені соншалық, суға секіреді. Сонда,
ол ит өзінің судағы бейнесінен өзі корыққан екен.
Сенімсіздікті қазір жеңсең, ертеңгі күні ол саған ешқан-
дай қиын мэселе тудырмайды, барлығы өз қолыңда. Өзіңе
сенімді болсаң, нәтиже де болады. Сенімсіздікті жеңу бұл
бір сапар сияқты. Себебі, оны бір рет жеңу жеткіліксіз,
бір іс қолыңнан келмесе, бір нәрсе ойыңнан шықпаса, біз
бірден өзімізге сенімсіз болуға бейімбез ғой. Бұл жолдағы
үлкен жанармайымыз - біздің майда жеңістеріміз. Мыса-
лы, бүзылып жүрген ұйқыңның режимін дүрыстау, кешігу
әдетінен арылу, паразит сөздерді қолданумен күресу, жаңа
тіл үйрену, кітапты оқып бітіру, тағы да басқа. Бүл жеңі-
стер кішкентай болғанымен, оның артындағы сезімдер үл-
кен. Сондықтан да, сенімсіздік пен комплексті жеңудегі бір
жэне бірегей таптырмас құрал - бұл майда жеңістер.
Достарыңызбен бөлісу: