Өмірдің өзі дәлелдеді, адам өз ісін тапса, оның жетісті-
гіне ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы, Стамбулда
Нұсрет деген ресторатор тұрады. 34 жасында оның Тур-
кия мен Дубайда бірнеше мейрамханасы бар. Жақында
Абу-Дабиде, Маямиде тағы мейрамхана ашқалы жатыр.
Оның жетістік жолына қарасаң, бес сыныптық қана білімі
бар. Он үш жасында таныс қасапшыға келіп, “білгеніңді
үйрет” дейді. Содан бастап еттің барлық түрін зерттейді,
еттің білгіріне айналады. Біртіндеп сол төңіректегі белгілі
касапшы болып шығады.
Ол ет тағамдарының мейрамханасын ашқанда, бірден
тасы өрге домалағаны да содан. Сөйтіп
Nusr-Et
пайда бол-
ды. Өз басым Стамбулда осы мейрамханаға екі рет барып,
кіре алмай кеттім. Maserati, Ferrari сияқты небір қымбат
машиналарда келген адамдар кезекте тұр. Оған келген қо-
нақтардың арасында Мадонна, Кэни Уест, Бред Питт, Ле
онардо Ди Каприо, Мануэль Нойер, Криштиану Роналду
бар. Енді өзің ойлашы, бір кездегі кішкентай қасапшы ба-
ланың ашқан рестораны Стамбулға келген элем жүлдызда-
рының сұранысқа ие орындардың біріне айналды. Оның
қүпиясы неде деп таңғалдым. Байқасам, өз саласында алға
озғаны екен. Етті пісірудің шебері болганы сондай, ол
пісірген сүйектің өзін қасыкпен жеуге болады. Міне, осы
кісіге қарап қазақша ет мейрамханасын ашу туралы идея
келді. Әрине, ең бірінші іздеген адамым, мықты қасапшы.
Егер етке икемің болса, қасапшы болуға кім кедергі болды?
Достарыңызбен бөлісу: