Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет67/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

Досым Әлішер Елікбаевтың 
facebook-те жазған эң- 
гімесі осы жерде есіме түсіп отыр. Оның Астанада тұратын 
әпкесі бар, Әлішер елордаға жол тартқанда, сол әпкесінің 
пэтерінде тоқтайды екен. Зэулім сарай емес, кэдімгі ор- 
таша санаттағы жақсы пэтер, Есілдің оң жағалауында ор-
90


ЕКІНШ1 БОЛМА
наласқан екен. Бұл пэтер үшін кредитін Әлішердің эпкесі 
жақында ғана жауыпты. Әпкесінің пэтерін жинайтын, үй 
тазалаушы болып жүмыс істейтін бір әйел бар екен. Ол 
таңертең «MEGA A stana»^a өзі тазалайтын бірнеше бутик- 
тің эрқайсысының алдына бір шелек судан қойып алып, со- 
лайша уақытты үнемдеп, барлығын жуып шығатын. Ал са- 
уда орталығы ашылған кезде, келген қонақтардың алдында 
шүберекпен, швабрамен жүруге болмайтындықтан, ол жү- 
гіріп барып коттедждер мен үйлерді тазалап келетін. Сауда 
орталығының жабылуының алдында, ол қайтып келіп, енді 
бутиктердің емес, сауда орталығының өзінің дэліздерін, 
эсколаторларын жуып шығатын. Осындай кестесіне қара- 
мастан, ол эрдайым күлімдеп және куанып жүреді екен. 
Туыстарымен бірге пәтер жалдап түрады, бір бөлмеде он 
адам. Еңбектеніп, тіртнектеп ақша жинап, Астанадағы 
«Евразия» деген ауданнан бір бөлмелі пэтер сатып алады. 
Ең жақсы аудан болмағанымен, бастысы пәтер алды ғой. 
Бірақ, ол кісі пэтеріне'көшпейді, оны жалға беріп, ал өзі 
эрі қарай он адаммен жалданған пәтерде тұрып, жұмысын 
жалғастыра береді.Ол ақшасын шашып, қымбат мейрам- 
ханаларға, немесе киім-кешекке жұмсамайтын. Сөйтіп, 
жалға берген пәтері мен күнделікті тазалаушы болып істе- 
ген жұмысынан түскен қаражатқа Астанадағы «Радуга» 
деген ауданнан тағы да үш бөлмелі пэтер сатып алады. Жү- 
мысында одан да мобильді болуы үшін, ол өзіне автокөлік 
сатып алған, енді қоғамдық көлік пен жолға көп уақыт 
жұмсамайды, сондықтан одан да көбірек жүмыс жасауға 
мүмкіндік алды. Қазір ол өзіне Астанадағы ең беделді үй- 
лердің бірі «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінен өзіне пэ­
тер сатып алды. Түсініп отырсыздар ма, Астананың шетін- 
де орналасқан кішігірім пәтерде, Әлішердің әкпесінін үй
91


тазалаушысы болып Астанада үш пэтері мен автокөлігі бар 
кісі жұмыс істейді.
Адам өзіне ұнайтын нэрсе тапса, онымен табандап ай- 
налысса, жетістікке жетеді. Қазақстанның реалиясында ол 
өте мүмкін. Бұл Америка емес. 200 жылдан бергі бәсеке 
жоқ бізде. Ал белгілі бір салада жетістікке жете алмаса, 
оған сала кінэлі емес, адамның өзі кінэлі. Аяқ киім тазала- 
удың шебері болуға болады, жэне өте табысты болуға бо- 
лады. Үй тазалаудан басқалардың алдына түсуге болады. 
Мысалы, америкалық жалғызбасты әйел Джой Мангано 
еден жуатын шүберек ойлап тауып, миллионер атанды. Ол 
туралы Дэвид О.Рассел “Джой” деген фильм де түсірді. Қа- 
рап отырсаң, мэселе қандай салада еңбектену емес. Мэселе 
ішкі потенциалыңызды өтеу, таңдаган салада бірінші бо- 
луга тырысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет