тақпақ жаттағаннан кейін бірден айтып беруі екіталай. Ал,
ертеңіне сұрасаң, айта алу ықтималдығы жоғары болады.
Сондықтан бүгінде интервалды оқыту немесе интервалды
қайталау (spaced leaming/spaced repetition) ең тиімді әді-
стердің қатарында. Интервалды оқыту дегеніміз кез келген
жаңа дүниені қабылдауда араға уақыт салып отыруды біл-
діреді. Мысалы, жаңа материалды үзбей жэне қарқынды
2-3 сағат тоқтамай айтып шыққаннан гөрі, қысқа бөлшек-
терге бөліп арасында үзіліс не ойын кіргізіп өткізудің пай-
дасы зор.
Достарыңызбен бөлісу: